"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру

 

Тәуелсіздік алар тұста және егемендігіміздің алғашқы жылдарында аталған саладағы жағдай едәуір өзгерді. Майда баспаханалардың пайда болуына сәйкес, мемлекеттік баспаның монополиялық үстемдігі жойылды. Тиісінше коммерциялық негіздегі жеке баспаханаларға «клиенттер» қажет болды. Ондайлар көп ұзамай-ақ табылып, қоғамдық өмірге неше түрлі жазғыштардың «еңбектері» көптеп ене бастады. Халық кәсіби тұрғыда болсын, әдеби-публицистикалық тұрғыда болсын, бұрқырап шығып жатқан кітаптарды қалай таңдарын білмей бастары қатты. Тіпті «қазір ақшасы барлар небір әләуләйлімді айтып кітап шығара береді, оны оқығаннан не пайда?» деген енжарлық та пайда болды.

Осылай, кітаптың киелілігі әлсіреді. Кейбір жақсы кітаптар, жаппай әлсіз кітаптардың көлеңкесінде қалып қойды. Ал қоғамымыздың өсіп-өркендеуіне орай кітаптардың білім бұлағы ретіндегі функциясы да өзгерді. Ендігі жерде мұндай қызметті интернет те емін-еркін бере алды. Керегің қиналмай жаныңнан (смартфоннан) табылып тұрса, кітапхана кезіп нең бар?! Ізденуші көбінде осындай пиғылда болды. 

Не істеу керек? Бұл мәселе туралы ой-толғаулар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жария етіліп, онда: «Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді. Осы мақсатта «Жаңа гуманитарлық білім». Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы қолға алынады», – деген еді. Жақында осы жоспарланған кітаптардың біразы жарық көрді. Байқап қарасақ, аталған іс-шараны тікелей жүзеге асырып отырған Ұлттық аударма бюросы едәуір тірліктің басын шалыпты. Мәселен, «Батыс философиясының жаңа тарихы» оқулығының аннотациясында: «Ежелгі Жерорта теңізі маңындағы философияның тууы және өркендеуі, ойлау мен пайымдауының өрісі жөніндегі бұл тамаша тарихи баян Батыстағы ой мен қоғам дамуының бағыт-бағдарына арналған. Энтони Кеннидің бұл кітабындағы әңгіме өзегі Пифагор мен Фалестен басталып, философия алауын христиан ғасырына табыстаған қасиетті Аугустинмен аяқталады», – делініп, философияда туындаған сауалдардың жауабын Батыс өркениетінің түп-тамырынан іздеуді ұсынады. Жалқы алғанда дұрыс, әрине. Тек философиядағы «жалпы» және «жалқы» категорияларына сүйене отырып, Батыс философиясы мен тарихын зерделеген кезде Батыс пен Шығыс үндестігін де естен шығармай, бізге өз тілімізде келіп жеткен батыстық білімді, өзімізде бар шығыстың білімімен үйлестіргеніміз жөн болар еді. Әйтпесе, атақты Сақ патшайымы Томиристің Кир бастаған парсыларды жеңіп: «Сені қанға тойдырамын деп серт беріп едім, қалауыңша іш енді!», – деп Кирдің басын қан толтырылған құтыға тастаған оқиғаны шебер суреттеген Геродоттың, сақтарды варвар ретінде сипаттай отырып, олардың полигамиялық неке жағдайында болғандығы туралы берген мәліметтері мен «скифтер жасы жеткен қарияны найзамен түйреп, оның етін артында қалған барлық туысқандары жеп қояды» деген деректерін бүгінгі күн мінберінен дұрыс зерделей алмасымыз анық. 
Келесі Дуэйн және Сидней Шульцтің «Қазіргі психология тарихы» кітабы аталған пәннің қалыптасу кезеңінен бүгінгі күнге дейінгі дамуын қамти отырып, роботтар мен жасанды интеллект секілді жаңа құбылыстарды психология тұрғысынан талдауға арналыпты. Оқырмандар бұл кітапта бұрынғы басылымдарда жарияланбаған Фрейдтің хаттарымен танысып, ХVІІ ғасырдағы механикалық мүсіндер мен бүгінгі роботтардың арасындағы байланысты бажайлауға, Екінші дүниежүзілік соғыстың Америка психологиясының өсіп-өркендеуіне еткен ықпалын түйсініп, Алессандро Вольтаның «таңғажайып» зерттеуі сияқты бірқатар қызықты мәліметтермен танысуға мүмкіндік алады. Дұрыс. Әйтсе де, Фрейд хаттарының мән-мағынасын ұғынардан бұрын, оқырмандардың Ж.Аймауытовтың қазақ психологиясының жан тебірентерлік тұстарымен таныс болуы да қажет сияқты. Мәселен, ұлы суреткер «Күнікейдің жазығындағы» Шекер тұрғысында: «Қалай да арсыздыққа адамнан өтер жан иесі жоқ қой. Ар да тозады екен, тұрмыс тоздырады екен. Шекердің ары да о жағына келгенде, Құлтуманың қырық жылғы шалбарындай тозығы жетіп, үлдіреп, ыдырап, жамауға келмей кеткен ар еді», – деп ой қозғайды. Берілген эпизодтың зар-заман запыранын дәл көрсетіп тұрғандығына ешкім уәж айта алмаса керек. 
Аудармада берілген тағы бір туынды «Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика» деп аталыныпты. Осы орайда кітап бүгінгі жапон қоғамы бәсекелестікке қабілеттілікті ХІХ ғасырда өмір сүрген жазушы және қоғам қайраткері Сёдзан Сакумадан үйренгендігін есімізге түсіреді. Себебі Сакуманың: «Әлемдегі ең үздік жетістіктерді танып, қабылдап және оны бұрынғы қалпынан көрнектірек етіп қайта жасағанда ғана бәсі жоғары жарыста жеңіске жетуге болады», – деген сөзі қазіргі замандағы жапон кәсіпкерлерінің ұранына айналғандай.

Елімізде үнемі айтылып келе жатқан инновациялық даму үрдісінің түп негізі де осы қағидатқа негізделеді. Сондықтан да, дамыған елдер қатарынан орын алғымыз келсе, алдымызға қойып отырған кешенді міндеттерді кешіктірмей жүзеге асыруға баршамыздың байыппен атсалысқандығымыз абзал. Оған қажетті алғышарттардың негізгісі білім екендігін жоғарыда айттық.

 

Сейдахан Бақторазов,
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың доценті, тарих
ғылымдарының кандидаты

 

Бұл – шын мәнінде, ұлттық деңгейдегі ауқымды жоба. Ол қоғамдағы барлық саланы қамтитындығымен бірегей саналады. Сондықтан оны қазіргі кезеңдегі ұзақ мерзімді перспективалы қазақстандық қоғам дамуының өзіндік идеологиялық платформасы деуге болады.

Қоғамдық сананың жаңаруы ортақ әлеуметтік кеңістікте өмір сүріп жатқан халықтың қажеттіліктерімен тікелей байланысты жүретіні белгілі. Ал Қазақстан азаматтарының қоғамдық сананың мазмұны олардың мүдделерімен, идеяларымен, құндылықтарымен үндес. Ол мәдениет, мінез-құлық тәжірибесі, салт-дәстүрді қоса алғандағы рухани негіздерге арқа сүйейді. Тараз қаласында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің басшылығымен қарқынды жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ: «Атамекен», «Тәрбие және білім», «Рухани қазына», «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламалары мен «100 жаңа кітап», «Туған жер», «Қазақстан киелі жерлерінің географиясы», «100 жаңа есім» арнайы жобалары бойынша ауқымды бастамалар қолға алынған. Қазақ тілін латын әліпбиі негізіндегі графикаға көшіру мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. 

Жалпы 25 жобаны іске асыруға 2 млрд 472 млн 750 мың теңге қаржы жұмсау қажет. Былтыр қала әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі 9 жобаға 321 млн 600 мың теңге бөлді. 
Ал облыстық жобалық офиске «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша 2 жоба ұсынылды. Олардың жалпы құны 374 миллион теңгені құрайды. Аталған жобалар демеушілердің көмегімен жүзеге асырылды. Атап айтқанда, жеке кәсіпкер Арман Жұмабаев темір жол бекеті маңындағы скверді абаттандыруға 150,0 млн теңгеге көмек көрсетіп, «Арайстроймаркет» ЖШС-нің директоры Арман Еділбаев «Атшабар» скверінің құрылысына 224,0 млн теңге жұмсады. Сонымен қатар «Бір сәби – бір ағаш» жобасы бойынша былтыр жаңадан туылған сәбилердің ата-аналары 500 түп ағаш отырғызса, биыл жалпы қалада 6200 түп шыбық тігіп, қала жасыл желекке малына түсті. Мұның бәрі көне шаһарды көркейте түскен игі шаралар десек артық айтпаймыз.

Бағдарламаның «Туған жер» жобасының ерекшелігі оны жүзеге асыруға өңірлерді де белсенді тартуда болып тұр. Облыстар шағын қалалар, аудан, қала берді әрбір елді мекенді көркейтуге ұмтылуда. Бұл ретте кәсіпкердің, меценаттардың азаматтық белсенділігі бізге көп көмегін тигізіп отырғанын айтқан жөн. Туған жерге, оның мәдениетіне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілік арқылы көрсетілетін патриотизм – ұлттық-генетикалық кодтың негізі.

Былтыр осы «Туған жер» жобасы аясында Қазақстан Республикасының спорт шебері, әйелдер арасында кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипова өз бастамасымен Жолдыбаевтар жанұясына (жанұясында екі мүмкіндігі шектеулі кәмелетке толмаған бала тәрбиелеп отыр) автокөлік табыс етті. Сондай-ақ ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту мақсатында «Шәушен» шаруа қожалығының басшысы С.Дөненбаевтың демеушілігімен шаһарда «Ғибрат» орталығы ашылды. 

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай осы игі бастамалардың жалғасы ретінде «Арайстроймаркет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Арман Еділбаев, «Альтаис групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Әлімбек Жұмабаев Тараз қаласының Тұрғановтардың, Әбілбашировтердің отбасына пәтер кілттерін табыс етті.

2017 жылы «Қазфосфат» ЖШС-нің бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров өз қаражатына «Мыңбұлақ» мөлтек ауданында әмбебап заманауи спорттық алаңшасын салып берді. Спорттық алаңшада бір мезгілде 25 бала спорттың волейбол, баскетбол, шағын футбол ойнауға мүмкіндік алды. Мұндай игі бастамаларға үн қосып жүретін меценаттар қатарында қалалық мәслихаттың депутаты Руслан Кан да бар. Ол «Самал» шағын ауданында 25 және 30 үйлердің ауласына бейнекамераларды орнатып берді.

Ал Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры Ерболат Саурықов 12 талапкерге, оның ішінде Тараз футбол клубының қосалқы құрамының 9 футболшысына, 3 мүмкіндігі шектеулі азаматқа тегін оқу грантын тағайындады. 

Бұдан өзге, Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығының басшысы, жеке кәсіпкер Сейітхан Жошыбаев 7638,0 млн теңгеге 3800 тұрғынды тегін дәрігерлік тексеруден өткізсе, «Жасұлан и К» ЖШС-нің директоры Ж.Омарова аз қамтамасыз етілген бір отбасының баласының жоғары оқу орнындағы 5 жылдық оқу ақысын төлеп берді.

Біздің арамызда мұқтаж жандарға қол ұшын созып, көмек көрсетіп тұратын нағыз азаматтар баршылық. Былтыр тамыз айында қалалық мәдениет үйінде «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаты атанып, салтанатты жағдайда марапатталды. Осы жиында «Батыл жүрек» аталымын қалалық ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметінің жол қауіпсіздігі полициясының аға лейтенанты Самат Алашев, әлеуметтік маңызы бар жобаларды, қайырымдылық жобаларды және акцияларды тиімді жүзеге асырғаны үшін, қайырымдылық көмек берудің жаңа тиімді түрлерін енгізген, қоғамдық маңызы бар шараларға бас демеушілік жасаған «Мүгедек жастар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тулегенов Руслан «Жылдың үздік ұйымы» аталымын иеленді. Белсенді азаматтық ұстанымы, әртүрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметті жүзеге асырғаны үшін «Жыл тұлғасы» аталымының сыйлығы «Логитех» ЖШС-нің директоры Антон Скрамовскийге табысталды. Ол «Қауіпсіз мектеп» пилоттық жобасы бойынша А.Пушкин атындағы №41 көпсалалық гимназиясына 4 млн 436 мың теңгеге 4 турникет орнатып берген болатын.

Былтыр Достық үйінде қала және көрші өңірдің, қазіргі Түркістан облысының кәсіпкерлерінің қатысуымен «Тараздың түрленуі» атты іскерлік-әріптестік форум өткені белгілі. Ауқымды жобалар аясында мәдени-іскерлік орталық пен «Шахристан», «Көне Тараз», «Тектұрмас» кешендерінің таныстырылымы өтіп, коммерциялық нысандардың құрылысын жүргізуге ниет білдірген кәсіпкерлер 800 000000 теңгеге меморандумына қол қойды. Осы және алдағы уақытта жүзеге асырылатын жұмыстарды жұртқа жеткізу үшін мемлекеттік тапсырыс бойынша ақпараттық саясатты іске асыру бағытында қалалық «Jambyl-Taraz» газетінде бағдарламалық мақаланы ілгерілету тармақтары қосылған. Атап айтқанда, қалалық «Jambyl-Taraz» газетінде «Рухани жаңғыру», «Жаңғыру», «100 жаңа есім», «Атамекен», «Руханият», «QAZAQ TILI», «100 KITAP», «100 новых лиц Казахстана» атты арнайы айдарлар ашылып, 271 мақала жарияланды. 

Сондай-ақ мемлекеттік тапсырыс шеңберінде (1 785 714) Жамбыл облыстық мәдени-танымдық «Білім және Өнер» журналына «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында саралаған сараптамалық материалдар, ой-пікірлер мен журналистік зерттеулер, ақпараттық материалдар жарияланды. Ақпараттық агенттіктерде («AQ JOL AQPARAT», «77 News», «ZhambylNews», «Turaninfo.kz», «ec-sport.kz») 125 тақырыптық мақала, әлеуметтік желілерде («Facebook», «Vkontakte», «Instagram» және т.б.) 126 материал орналастырылды. 

Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Facebook» әлеуметтік желісінде «Рухани жаңғыру Тараз қаласы» атты арнайы парақша ашылып (5000-ға жуық адам жазылған), 80 жазба салынды. Облыстық «JAMBYL» және «77 TV» телеарналарының «Жаңалықтар» бағдарламасынан 259 сюжет («Жаңа әліпби – жаңғыру негізі», «Тарихи мекен туристік кешенге айналады», «100 жаңа есімге» лайықты жанмен жүздесу», «Туған жерге туыңды тік!», «Рухани жаңғыру – ұрпақтар сабақтастығы», «Рухани жаңғыру – ұлт болашағы» және т.б тақырыптармен) көрсетілді. 
Ал қала әкімдігінің (taraz-gov.kz) ресми сайтында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы (екі тілде) мен логотипі орналастырылып, 54 материал жарияланды. 

Бүгінгі таңда мемлекеттік тапсырыс шеңберінде блогерлердің жұмысын жүргізуге қалалық бюджеттен қаржы бөлініп, электронды конкурс жарияланды. Конкурс нәтижесі бойынша жеңімпаз анықталған соң тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Қайрат Досаев, Тараз қаласының әкімі

Жамбыл облысының 80 жылдық мерейтойы аясында 2019 жылдың      30 маусымында Тараз қаласында Жамбыл облысы әкімі А.Мырзахметовтың қолдауымен, облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Көне Тараз күмбірі» І Республикалық  этно-фольклорлық ансамбльдер конкурсы өтті.

Іс-шараҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларын ілгерілету, мән-мағынасы терең, рухани-тәрбиелік маңызы жоғарыұмыт болып бара жатқан бабалар мұрасын қайта жаңғырту, , қалың көпшілік сүйіп тыңдайтын дәстүрлі музыка өнерін, өңірімізден шыққан композиторлардың туындыларын насихаттау, фольклорлық ұжымдардың шығармашылық қарым-қатынасын қалыптастырып тәжірбие алмасу, көне Тараз бен жаңарған Жамбыл өңірін айшықтайтын күйлер жинағын топтастыру, Жетісу әндерін жаңғырту, фольклорлық ансамбльдер мен әнші-термешілерді таныту, шеберліктерін шыңдау, дамыту, жаңа мейрам – Ұлт­тық домбыра күнін ұлықтау мақсатында ұйымдастырылды.

Аталған игі шара ауылдық елді-мекендердегі өнерпаз жастарды іріктеуден басталып, ағымдағы жылдың 30 мамырында бұл конкурстың облыстық кезеңіне 10 ансамбль қатысты. 

  1.     «Шолпан» халықтық ән-би ансамблі. Жетекшісі: Сәуле Сүйенішбекова. Байзақ ауданы;
  2.     «Жеті Төбе»фольклорлық ансамблі. Жетекшісі: Индира Қадыралиева. Жамбыл ауданы;
  3.     «Қызғалдақ» халықтық ән-би ансамблі. Жетекшісі: Ришат Қуанышев. Жуалы ауданы;
  4.     «Ой жайлау» халықтық фольклорлық ансамблі. Жетекшісі: Ақбаян Бикешова. Қордай ауданы;
  5.     «Мойынқұм» ансамблі. Жетекшісі: Ғалымжан Етаей. Мойынқұм ауданы;
  6.     «Меркі әуендері» халықтық ән-би ансамблі. Жетекшісі: Мариям Райымқұлова. Меркі ауданы;
  7.     «Сұлутөр» халықтық  ән-би ансамблі. Жетекшісі: Тыңжан Сайырманов. Рысбек Қадырқұлов. Т.Рысқұлов ауданы;
  8.     «Ұлбике» ансамблі. Жетекшісі: Асқар Жылқыбаев. Талас ауданы;
  9.     «Әсем әуен» фольклорлық ансамблі. Жетекшісі: Әуесхан Келгенбаев. Шу ауданы;
  10.  «Тараз ғасыр» ансамблі. Жетекшісі: Төрехан Курпебаев; Тараз қаласы.

Үстіміздегі жылдың 6-24 мамыр аралығында Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының музыканттары Мұқтарбай Рахманқұлов, Дастан Көреген, Дидар Басықараев және Адай Жұмат облыстық конкурста лауреат атанған 5 ансамбльді Республикалық кезеңге дайындап, шеберлік сағаттарын өткізді.

Киелі Әулиеата жерінде туған, елі­не күмбір күйлерін тарту еткен Ықылас Дүкенұлы, Кенен Әзірбаев, Әбдімомын Желдібаев, Садыхан Әубәкіров, Мәди Шаутиев, Байсерке Қылышұлы, Тұраш Әбуов, Алтынбек Қоразбаев, Боранқұл Қошмағанбетов, Аман Малдыбаев, Мұқтарбай Рахманқұлов, Ержан Рысметов, Талғат Орынтаев, Асыл Жыңғылбаев, Өмірғали Ертуған, Олжас Байбек және басқа да талант иелерінің мол мұрасы ұлтымыздың құндылықтарына айналып отыр.

Республикалық конкурстың баспасөз конференциясына БАҚ өкілдері мен бірге ансамбльдердің жетекшілері, қазылар алқасының мүшелері: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры - Дәурен Жанашұлы Ғылымов, Қазақ ұлттық өнер университетінің Қорқыт ата атындағы ғылыми-зерттеу институтының қызметкері, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, қобызшы, композитор - Әлқуат Дотаұлы Қазақбаев, күйші, композитор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері -  Ермұрат Үсенұлы Үсенов, күйші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері - Әбдімомын Желдібаев қатысты.

Республикалық өнер додасында 16 ансамбль бақ сынасты. Олар:

  1.     «Тараз ғасыр» фольклорлық ансамблі – Тараз қаласы;
  2.      «Меркі әуендері» халықтық ән-би ансамблі – Жамбыл облысы, Меркі ауданы;
  3.       «Әсем әуен» фольклорлық ансамблі – Жамбыл облысы, Шу ауданы;
  4.     «Оқжетпес» фольклорлық ансамблі - Ақмола облысы;  
  5.      «Қорқыт» дәстүрлі саз тобы - Нұр-Сұлтан қаласы;
  6.      «Жәдігер» этнографиялық ансамблі – Атырау қаласы;
  7.     «Шолпан» халықтық ән-би ансамблі – Жамбыл облысы, Байзақ ауданы;
  8.      «Сазген» фольклорлы-этнографиялық ансамблі - Алматы облысы;   
  9.      «Тұмар» фольклорлық ансамблі - Шымкент қаласы;
  10.                      «Алатау» фольклорлық ансамблі – Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы;
  11.                     «Айнакөл» фольклорлық ансамблі - Көкшетау қаласы;
  12.                     «Сарыарқа»  халық  музыка ансамблі - Нұр-Сұлтан қаласы;
  13.                    «Жігер» «Жігер» этно-фольклорлық тобы - Қызылорда облысы;
  14.                     «Адырна» фольклорлы-этнографиялық ансамблі - Алматы облысы;   
  15.                    «Сұлу саз» халықтық ән-би ансамблі - Шығыс Қазақстан облысы;
  16.                    «Қазақ елі» ансамблі – Тараз қаласы.

 

Концерт залының фойесінде «Ежелгі Тараз Ескерткіштері» республикалық тарихи-мәдени қорық-мұражайының өңірдің тарихи, мәдени, рухани өмірінен сыр шертетін көрмесі жасақталды.  Көрмеге қазба жұмыстары кезінде табылған көне жәдігерлер (әшекей бұйымдар, ыдыстар, т.б.) қойылды.

Конкурстың салтанатты ашылуы облыстық қазақ драма театрының театрландырылған қойылымымен басталды. Қойылымда Ықылас, Жамбыл, Кенен және Нұрғиса бабаларымыздың бейнелері сомдалды. Сонымен қатар, «Тараздан тарту» атты би композициясы ұсынылды.

Конкурсқа қатысушы ансамбльдер 5 шығарма ұсынды:

1) Жамбыл облысынан шыққан композиторлардың күйі (Ықылас Дүкенұлы, Кенен Әзірбаев, Әбдімомын Желдібаев, Садыхан Әубәкіров, Мәди Шаутиев, Байсерке Қылышұлы, Тұраш Әбуов, Боранқұл Қошмағанбетов, Алтынбек Қоразбаев, Аман Молдыбаев, Мұқтарбай Рахманқұлов, Ержан Рысметов, Талғат Орынтаев, Асыл Жыңғылбаев, Өмірғали Ертуған, Олжас Байбек, т.б);

2) Көне Тараздың тарихын сипаттайтын жаңа туынды (1 күй немесе 1 шығарма);

3) Жетісу өлкесінің шығармаларын орындайды (ән, күй, аспапты сүйемелдеу).

Облысы әкімінің орынбасары С.Құрманбекова конкурсқа қатысқан ұжымдарға құттықтау тілегін жолдаса, қазылар алқасының төрағасы, күйші-композитор Әбдімомын Желдібаев шығармашылық табыстар тіледі. 

Бас жүлде – лауреат белгісі және 700 000 теңгенің сертификат иегері: «Сазген» фольклорлы-этнографиялық ансамблі - Алматы облысы;

І орын - лауреат белгісі және 500 000 теңгенің сертификат иегері: «Қорқыт» дәстүрлі саз тобы - Нұр-Сұлтан қаласы;

ІІ орын -  лауреат белгілер және 300 000 теңгенің сертификат иегерлері:

«Айнакөл» фольклорлық ансамблі - Көкшетау қаласы;

«Тұмар» фольклорлық ансамблі - Шымкент қаласы;

ІІІ орын - лауреат белгілері және 200 000 теңгенің сертификат иегерлері:

«Оқжетпес» фольклорлық ансамблі - Ақмола облысы;

«Тараз ғасыр» фольклорлық ансамблі – Тараз қаласы;

Арнайы жүлделер - дипломанттар және 100 000 теңге қаржылай сыйақының иегерлері:

«Ықылас Дүкенұлы» атындағы жүлде - «Жігер» этникалық тобы, Қызылорда облысы;

«Жамбыл Жабаев» атындағы жүлде - «Сұлу саз» халықтық ән-би ансамблі,  Шығыс Қазақстан облысы;

«Кенен Әзірбаев» атындағы жүлде - «Алатау» фольклорлық ансамблі – Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы;

«Әбдімомын Желдібаев» атындағы жүлде - «Әсем әуен» фольклорлық ансамблі, Жамбыл облысы, Шу ауданы;

Садыхан Әубәкіров» атындағы жүлде - «Шолпан» халықтық ән-би ансамблі, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы;

«Алтынбек Қоразбаев» атындағы жүлде -  «Меркі әуендері» халықтық ән-би ансамблі, Жамбыл облысы, Меркі ауданы;

«Үздік шығарма» аранйы жүлде -  «Қазақ елі» ансамблі, Тараз қаласы;

«Көне Тараз күмбірі» арнайы жүлдесі - «Сарыарқа» халық  музыка ансамблі, Нұр-Сұлтан қаласы;

 «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының» арнайы жүлдесі -  «Жәдігер» этнографиялық ансамблі, Атырау қаласы;

«Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының» арнайы жүлдесі - «Адырна» фольклорлы-этнографиялық ансамблі - Алматы облысы.

Шара барысында «Баласағұн» ОКЗ-ның екінші қабатында өнер шеберлері мен облыс өнерпаздарының қатысуымен (500 адам) ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – халық мұрасы» атты домбыра party-ге жалғасты. 

Облыстық филармонияның қазақ ұлт аспаптар оркестрінің бас дирижеры, Халықаралық конкурстардың лауреаты Адай Жұмат пен ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мұқтар Рахманқұловтың дирижерлік етуімен Түркештің «Көңілашар» күйі, ҚР Мәдениет қайраткері Аман Молдыбаевтың бастамасымен «Көне Тараз» күйін, күйші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Әбдімомын Желдібаевпен бірлесе «Ерке сылқым» күйі, күй-тартысы, Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын» және «Сарыарқа» күйлері, бірлесіп орындалды. 

Конкурстың гала концертінде облыстық филармонияның дәстүрлі әншілері мен жеңімпаз атанған ансамбльдер өнер көрсетіп, С.Кәрімбаевтың «Жамбыл жастар вальсі» әнімен іс-шараны аяқтады.  

 Шара нәтижесінде конкурсқа ұсынылған 17 күйдің «Көне Тараз күмбірі» атты партитуралар жинағы жарық көрді.

Жинақты шығаруға республикамыздағы дарынды композиторлар жұмылдырылды. Соған қоса, бұл партитуралардан өңдеушілердің жеке қол-таңбасы мен өзіндік мәнері байқалады. Жинаққа:

  1.     Айбол Құдайбергенов «КӨНЕ ТАРАЗ КҮМБІРІ»
  2.     Марат Бердіғұлов «ШАХРИСТАН»
  3.     Шолпан Қорғанбек «ТӨРТКҮЛ ТҮМЕНІ»
  4.     Марат Бердіғұлов «ӘУЛИЕАТА ТОЛҒАУЫ»
  5.     Қуаныш Ахметов «ҚАРАХАН БАТЫР»
  6.     Есжан Әміров «АЙША БИБІ»
  7.     Руслан Қойшыбаев «ҚАРАХАН БАБА»
  8.     Шолпан Қорғанбек «ҚАСИЕТТІ ТАРАЗ
  9.     Тоғжан Жахин «КЕНЕН АТА ІЗІМЕН»
  10.                    Ш.Қорғанбек «БАТЫР БАУЫРЖАН»
  11.                    Қалихан Сапаров «ТАРАЗ ТОЛҒАУЫ»
  12.                    Дулат Байзілдаев «АҚЫРТАС» күйі
  13.                    Ғибадат Тұрғалиев «ТАРИХИ ТАЛАС»
  14.                    Мұхтарбай Рахманқұлов «АҢЫРАҚАЙ ШАЙҚАСЫ»
  15.                    Дүйсенәлі Бықыбаев «ДУЛАТ БАБА»
  16.                    Әбдімомын Желдібаев «ӘУЛИЕАТА»
  17.                    Аман Молдыбаев «КӨНЕ ТАРАЗ» күйлері енді.
  18.                     

Ұлт мәдениетінің арғы-бергі тарихын зерттеп, жүйелеп, бүгінгі жас ұрпақтың кәдесіне ұсыну үшін жарық көрген күйлердің партитуралар жинағы - музыка мамандары үшін ерекше оқиға.

 

Жинақ музыка саласының мамандарына арналған керемет тарту болды. Кәсіби күйшілермен қатар күй өнерімен әуестенушілерге де тигізетін пайдасы ұшан-теңіз. Арнайы музыкалық оқу орындарының студенттері мен оқушыларына да берері мол.

«Көне Тараз күмбірі» атты партитуралар жинағының тұсауын қазылар алқасының төрағасы, күйші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Әбдімомын Желдібаев пен күйші, композитор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ермұрат Үсенұлы Үсеновқа кесіп, 220 өнерпазға Тараздан тарту етілді. Жинақтың алғашқы бетіне 17 күйдің аудио және электронды ноталары 2 дана СД болып тіркелді.

«Домбыра» ұлттық арнасы мен жергілікті телеарналар түсірілім жасап, БАҚ өкілдері мен қонақтар, қала тұрғындары зор ықыласын білдірді. Екі кезеңде өткен шараға 500-ге жуық өнерпаздар қатысып, 1850 көрермен тамашалады.

 

Мыңдаған жылдар бойы мінсіз сұлу туындыларымен ғаламды мойындатқан Тараз қаласында зергерлер мен қолөнер шеберлерінің өнері қайта жаңғырды. Облыс әкімдігі туризм басқармасының ұйымдастыруымен ортағасырлық «Төрткүл» керуен сарайы кешенінде «Көне Тараз шеберлерінің» қалашығы ашылды. Ұлттық құндылықтар арқылы өскелең ұрпаққа тұнық тәлім мен тұғырлы рух беруді мақсат еткен шараның аясында қалашықтың есігі алты ай айқара ашық болмақ. Яғни әр аптаның демалыс һәм мереке күндері қала қонақтары мен тұрғындары емін еркін этноауылға бас сұғып, өміршең өнер туындыларын тамашалай алады.

Ұлттық нақышта киініп, қаздай тізілген аналар, алтыбақанның сәнін кіргізген жастар, адырна тартып, нысанаға жебе сілтеген жұмыр жігіттер, ән мен жырдан шашу шашқан өнерпаздар, осының барлығы ортағасырлық тарихтың куәсі болған «Төрткүл» керуен сарай кешенін салтанатқа бөледі. Шетелден келген қонақтарға да, шаһардың жергілікті халқына да шарапатты шаттық сыйлады.

– «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақ ауылы» этножобасын құрудың басты мақсаты — көне Тараз дәстүрін, көшпенділердің бірегей, жарқын және айқын мәдениетін, өткен тарихын жаңғырту. Ұлттық-мәдени кешен қонақтарды қазақ халқының бай тарихымен, мәдениетімен, өнерімен және салт-дәстүрімен таныстырады. Кешенде кез келген адам көшпенділер өркениетінің этно­мәдени ортасын сезіне алады және ауылдың күнделікті, мерекелік өміріне көз жүгіртуге толығымен ие болады. Этноауылда қазақ музыкалық және театр өнерінің фестивальдері, қолөнер шеберлерінің мастер-кластары, ұлттық тағамдар, қолөнер және көркемөнер көрмелері, этникалық-музыкалық фестивальдар, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар және басқа да іс-шаралар өтеді. Атап айтқанда, «Дәстүрлі аң аулау түрлері», «Ұлттық ойындар мен ойын-сауық», «Ұлттық тағам», «Қазақ музыкалық театр өнері», «Қолөнершілер» секторларын тамашалаған адам қазақ халқының әдет-ғұрпы, салт-санасы жайлы мол ақпарат алатыны сөзсіз, – дейді ұлттық құндылықтарды ұлықтауға ұйытқы болған облыс әкімдігі туризм басқармасының басшысы Қарлығаш Аралбекова.

Шара барысында Қазақстан қолөнершілер одағының төрайымы Айжан Беккулова сөз тізгіндеп, сан ғасырлар бойы талайды тәнті етіп, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып жеткен қолөнердің қыр-сырын, үлгі-өнегесін кеңінен әңгімелеп, тараздық шеберлердің шедеврлеріне қолдау білдіріп, шабыт сыйлаған һәм осы шараны ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Сахнада ән мен жыр төгілсе, этноауыл маңында зергерлер өздерінің әшекей бұйымдарын, тоқылған, өрілген өнер туындыларын халыққа таныстырды. Оның ішінде домбыраның қалай жасалатынына дейін көрсетілді. Qazaq-Oner қолөнершілер орталығының басшысы Айгүл Жансерікова мен Орталық Азия қолөнершілерді қолдау қауымдастығының (CACSA) президенті Мукаррама Каюмова көпшілікке қолөнер тақырыбында шеберлік сағаттарын өткізді. Жалпы өткен жылы өңірге 400 мыңнан астам турист келіпті. Олармен жүргізілген сауалнама қорытындысы осындай шеберлер қалашығын ашуға сеп болған көрінеді.

Бұл маңызды шараға арнайы алыстан ат терлетіп жеткен өнер мамандары мен сарапшылар аз болған жоқ. Германия, Болгария, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен келген майталмандар да қазақтың қыраны қалықтап, тазы ойнаған, қымыз сапырылып, тарихпен сырласқан этноауылдан табылды. Өздерінің мол тәжірибесімен бөлісті. Таңсәріден кешке дейін жалғасқан шараның соңында сала майталмандары, қала меймандарымен әріптестік байланыс нығайып, өңірдегі туризм мен өнерді дамыту мақсатында бірқатар меморандумға қол қойылды.

ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАДА «ҚАЗАҚ ТІЛІН ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШІРУ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА
ҚОҒАМДЫҚ ДӘРІСТЕР ӨТТІ

Республикалық ақпараттық-насихаттау апталығының аясында облыстық пркуратурада құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арналған қоғамдық дәрістер жүргізді. 
Лекторлар: «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалықорталығы бас директорының кеңесшісі, қоғам қайраткері О.Асанғазы, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Ж.Смағұлов, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Б.Әбдуәлиұлы.

#ТілдердідамытубасқармасыЖамбылоблысы
#Жамбылскаяобласть
#РуханижаңғыруЖамбылоблысы
#РуханижаңғыруЖамбылскаяобласть
#МодернизацияобщественногосознанияЖамбылскаяобласть
#Болашаққабағдарруханижаңғыру
#Взглядвбудущеемодернизацияобщественногосознания
#МенлатындықолдаймынЖамбылоблысы
#ЯподдерживаюлатиницуЖамбылскаяобласть#язапереходлатиницыЖамбылскаярбласть
#туғанжер
#tuganjer
#Қазақстанныңкиеліжерлерініңгеографиясы
#СакральныеместаКазахстана
#100жаңаесім
#100новыхлиц
#100жаңаоқулық
#100новыхкниг
#Жамбылоблысыономастикаф

Республикалық ақпараттық-насихаттау апталығының аясында Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының «Қоғамдық келісім» мекемесінде ақпараттық-насихат тобы «Латын әліпбиін енгізудің қоғамдық, әлеуметтік және лингвистикалық негіздері», «Жаңа әліпби, оның емле ережелері және тілдік реформа» тақырыптарында қоғамдық дәрістер жүргізді.
Лекторлар: Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Ж.Смағұлов, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Б.Әбдуәліұлы.

#ТілдердідамытубасқармасыЖамбылоблысы
#Жамбылскаяобласть
#РуханижаңғыруЖамбылоблысы
#РуханижаңғыруЖамбылскаяобласть
#МодернизацияобщественногосознанияЖамбылскаяобласть
#Болашаққабағдарруханижаңғыру
#Взглядвбудущеемодернизацияобщественногосознания
#МенлатындықолдаймынЖамбылоблысы
#ЯподдерживаюлатиницуЖамбылскаяобласть#язапереходлатиницыЖамбылскаярбласть
#туғанжер
#tuganjer
#Қазақстанныңкиеліжерлерініңгеографиясы
#СакральныеместаКазахстана
#100жаңаесім
#100новыхлиц
#100жаңаоқулық
#100новыхкниг
#Жамбылоблысыономастикаф

Республикалық ақпараттық-насихаттау апталығының аясында Жамбыл ауданы Жастар ресурстық орталығында ақпараттық-насихат тобы құқық қорғау органдары, білім, денсаулық сақтау салаларының қызметкерлеріне және жалпы аудан жұртшылығына арналған қоғамдық дәрістер жүргізді. 
Дәріске өңірлердің Тілдерді дамыту басқармаларының басшылары, Тілдерді оқыту орталықтарының директорлары, тіл мамандары қатысты.
Лекторлар: жазушы, Мемлекеттік сыйлық иегері Б.Нұржекеұлы, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Қ.Сегізбайұлы, Назарбаев университетінің профессоры Ж.Ағабекова.

#ТілдердідамытубасқармасыЖамбылоблысы
#Жамбылскаяобласть
#РуханижаңғыруЖамбылоблысы
#РуханижаңғыруЖамбылскаяобласть
#МодернизацияобщественногосознанияЖамбылскаяобласть
#Болашаққабағдарруханижаңғыру
#Взглядвбудущеемодернизацияобщественногосознания
#МенлатындықолдаймынЖамбылоблысы
#ЯподдерживаюлатиницуЖамбылскаяобласть#язапереходлатиницыЖамбылскаярбласть
#туғанжер
#tuganjer
#Қазақстанныңкиеліжерлерініңгеографиясы
#СакральныеместаКазахстана
#100жаңаесім
#100новыхлиц
#100жаңаоқулық
#100новыхкниг
#Жамбылоблысыономастикаф

 

Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұжымы, Халықаралық Д.А.Қонаев қорының облыстық бөлімшесімен бірлесе отырып Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасы аясында жазушы-журналист, аудармашы, драматург, көптеген нәзира жырлардың авторы, ақын, көркем публицист Арғынбай Бекбосынды зиялы қауым өкілдерімен дөңгелек үстел басында еске алу кешін өткізді. Іс-шараны Д.А.Қонаев қорының төрағасы Амангелді Кәрентаев ашып, жүргізіп отырды. Еркімбек Солтыбаев бастаған Облыс ардагерлері мен Баттал Жаңабайұлы, Сәттар Жанәбілев,Қасымхан Тулендиев сынды ел ағалары, Қайырбек Асанов, Көсемәлі Сәттібайұлы, Құрманғазы Демешев, Есет Досалыдай жазушы, журналист-ақындар және тағы да басқа көптеген жақсылар мен жайсаңдар Ар-Ағаның руxына арналып оқылған Құранға қол жайысып, марқұмның ұрпақтары мен туған-туыстарына өздерінің алғысын білдірді. Ақынның өмір жолына байланысты «Ардың жүгін арқалаған...» кітап көрмесі ұйымдастырылып, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, мүшелері Нәрейім Сейдуалиев, Амангелді Кәрентаев т.б. жазушы-драматург жайлы естеліктерімен бөлісті.

Рухани жаңғыру

Арғынбай Бекбосынды зиялы қауым өкілдерімен еске алу кеші

Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Латын графикасы – мемлекеттік қызметте» атты облыстық байқауын ұйымдастырды.
Байқау мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және дамыту, мемлекеттік тілді қолданудың беделін арттыру, мемлекеттік қызметшілердің латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан меңгергенін анықтау, мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру мақсатында өткізілді.
Байқауға мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерінен құралған 9 команда қатысты. Олар «Сәлемдесу» кезеңінде команда атауы мен ұранын таныстырып, «Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиінің емле ережелері» кезеңі бойынша емле ережелері бойынша сұрақтарға жауап берді. Соңғы шешуші кезеңде «Ұлы даланың ұлы тілі» тақырыбында командалар музыкалық немесе театрландырылған қойылымдарды көрсетті.


Арнайы құрылған қазылар алқасының шешімімен І орынды Сарысу ауданының «Жаснұрсәт» тобы жеңіп алып, ІІ орынды Талас ауданының «Талас тарландары» тобы және Жамбыл ауданының «Тілдарын» тобы иеленсе, ІІІ орынға Қордай ауданының «Ұлы даланың қырандары» тобы және Байзақ ауданының «Сұңқар» тобы лайық деп танылды.
Қалған топтар алғысхатпен марапатталды. 

2 бет. Барлығы: 2