"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Экономика / «Жаңа медиа және болашақ» медиа форумы

«Жаңа медиа және болашақ» медиа форумы

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы "Өңірлік коммуникациялар қызметінің" ұйымдастыруымен «ЖАҢА МЕДИА ЖӘНЕ БОЛАШАҚ» атты медиа форум өтті.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отырған шараға елімізге танымал журналистер мен блогерлер қатысты.

  

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған форум жұмысын облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли ашып, сәттілік тіледі.

Спикерлер қатарында «Astana» телеарнасы «Біздің уақыт» бағдарламасының жүргізушісі Жайна Сламбек, «Balapan» телеарнасының басшысы Мақпал Жұмабай, «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті бас редакторының орынбасары Қамбар Ахметов, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының жетекшісі Есенгүл Кәпқызы, «Jambyl» телеарнасының басшысы Жасұлан Әбдіхалық, "77 TV" телеарнасының директоры Зарина Қуатова, «Qazaqstan» телеарнасының жүргізушісі, «Біліммен бөліс» жобасының авторы Нұрмұхамед Байғара, Baribar.kz сайтының негізін қалаушы Ербол Серікбай, "Мінбер" журналистерді қолдау орталығындағы жаңа медианы және дата-журналистиканы зерттеу тобының жетекшісі Асхат Еркімбай сынды ақпарат саласының айтулы өкілдері өз ойларын ортаға салды. Медиа форумның модераторы -  белгілі блогер, журналист Өркен Кенжебек.

Биыл облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының ұйытқы болуымен ақпарат саласында бірнеше тренингтер, оқыту семинарлары жүргізілді. Жұмыс барысында облыстағы басқармалардың, департаменттердің, аудан әкімдіктерінің әлеуметтік желілерде («Facebook», «Instagram») ресми парақшалары ашылып ғаламтордағы жұмыс жүйесі жолға қойылды. Бұл халықпен тікелей байланыс орнатудың негізгі жолы. Жамбыл облысының ақпарат айдынында көптеген газеттер, журналдар, тәуелсіз басылымдар, ақпарат агенттіктері, телеарналар тынымсыз еңбек етуде. Бүгінде облыста 62 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген. Оның ішінде 14-де мемлекеттің қатысу үлесі бар. Мерзімді басылымдар саны – 51, телеарналар – 2, ақпараттық агенттіктер – 9. Биыл жаңадан 7 БАҚ тіркелді, олар: 1 журнал, 1 газет және 5 ақпараттық агенттік.

joomla 3.5