Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Қоғам / Агросалаға тиімді жиын

Агросалаға тиімді жиын

«Arai plaza» бизнес-орталығында еліміздегі ең ірі жобаларының бірі – Азияның VI Агрохимиялық форумы өтті.

Отандық тауарөндірушілер, минералды тыңайтқыш өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кешені өндірісінің өкілдері, сонымен қатар, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ТМД елдерінің ауыл шаруашылығы құрылымдары өкілдерінің басын қосқан шараның өтуіне минералды тыңайтқыштарды өндіретін «Казфосфат» ЖШС, «Еврохим» МХК АҚ және «КазАзот» АҚ сынды ірі компаниялар мұрындық болды. Сондай-ақ бұл жиынға ТМД елдерінің агрохимия саласындағы жетекші компанияларының көшбасшылары мен агрохимия саласында еңбегі сіңген қайраткерлер қатысты. Көпшілік мамандар бұларды ретімен қолданбай, біреуін берсе, екеншісін бермей жемісін құрдым жіберіп алатын көрінеді. Ал Украина еліндегі Днепор агро-экономикалық университетінің оқытушысы Сергей Михайлов Қазақстан аумағындағы жерлердің көбісі ылғалды емес екендігін алға тартып, мұндай жерлерде егін шаруашылығына фосфор тыңайтқышы арқылы мол өнім алуға болатындығын жеткізді.

Оның айтуынша, ылғалдылығы төмен жердегі өсімдіктердің жапырақтары түсін өзгертіп, қурай бастаса құрамына фосфор жетпей тұрғандығын білдіреді екен. Өзінің зерттеулеріне тоқталған ол аталған тыңайтқыштың басқада қырларын түсіндіріп өтті. Жиында сондай-ақ агрохимиялық кәсіпорындарға қажеттігі, тыңайтқыштардың түрлерін, олардың пайдалану жолдары туралы кеңінен айтылып, «Қазақстан Республикасындағы топырақ құнарлылығының жағдайы», «Биржалық нарықтағы энергоресурстар, технологиялар, сауда-саттыққа қатысу үшін агрохимиялық кәсіпорындарға қажетті ақпараттар», «Агрохимиялық өнеркәсіп, топырақтың құнарлылығы — әлеуметтік тұрақтылықтың және Орта Азиядағы өнеркәсіптік дамудың кепілі», «Суда еритін NPK микроэлементтер кешенін қолдану», «Қаратау фосфорититерін кешенді минералды тыңайтқыштарға қайта өңдеу», «КАС бойынша бизнестің даму тәжірибесі мысалында өндірістік-сауда компаниялар» және «Өсімдіктердің фосфорлық қоректенуі мен құрамында фосфор тыңайтқышты коэффицентті арттыру» тақырыптарында хабарламалар жасалды.

joomla 3.5