Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Денсаулық

Денсаулық

Социальный проект ", который прошел в период с мая 2023 по июль 2023 в Жамбылской области, городе Тараз. Этот проект был направлен на повышение осведомленности о первой помощи и обучение населения неотложным навыкам помощи в различных ситуациях.

???? В рамках проекта были проведены лекции, практические занятия и массовые тренинговые сессии, которые охватили студентов из 2 вузов и 5 колледжей города. Мы также организовали городской конкурс видеороликов по первой доврачебной помощи, чтобы позволить участникам продемонстрировать свои знания и творческие способности.

???? Наша команда разработала информационные плакаты и брошюры, содержащие полезные советы и инструкции по оказанию первой помощи, которые были активно распространены. Мы также подготовили разнообразные информационные материалы, которые разместили в социальных сетях для легкого доступа и распространения.

???? Важную роль в успехе проекта сыграли наши преданные волонтеры, которые проводили различные акции, направленные на пропаганду и повышение осведомленности в области первой помощи.

Мы верим, что этот проект стал важным шагом в создании осведомленного общества, готового действовать в случае чрезвычайных ситуаций. Мы надеемся, что полученные знания и навыки помогут нашим участникам стать первыми реагентами и спасти жизни в повседневной жизни. Благодарим всех, кто внес свой вклад в успех этого проекта!

Жамбылда есірткіге қарсы акция жалғасуда

Бүгін қоғам белсенділері, Жамбыл облысының Полиция департаментінің қызметкерлері, қалалық мәслихат депутаттары есірткі құралдарын сатып алуға арналған жарнамаларды өшіру жұмыстарын жүргізді

Ашық түрде жарнамаланып жатқан есірткімен күрес жұмыстары тоқтаусыз іске асатын болады.

Аталған акция еліміздің 20 аймағында ұйымдастырылды

Ауданымызда денсаулық сақтау саласының материалдық базасы жылдан – жылға нығайып келеді. Бұған дәлел Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай бірнеше жаңа амбулаториялар мен медпункттердің ашылуы. Олардың қатарында күні бүгін Мұзбел ауылында медпункт салтанатты түрде ашылып, ел игілігіне берілді. Мерекеге орай жаңа ашылған нысанға, ауыл қуанышын бөлісе келген аудан әкімі Болатбек Байтөле барша жиылған қауымды әуелі ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтап, жаңа ашылған медпункттің жұмысына сәттілік тіледі.Сонымен қатар, құттықтау легін Алға ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Досалиев жалғастырып, ауыл тұрғындарын жаңа ашылған мекемесімен құттықтады.
Айта кетсек, ауыл игілігіне арналған медициналық пунктің құрылысы мамыр айында басталып, құрылыс жұмыстарын «АстанаЭнергоМастер» жауапкершілігі-шектеулі серіктесігі жүргізген.

ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесінде Жамбыл облысының 80-жылдығына орай, Қордай ауданындағы шағын елді мекендерінің бірі саналатын Қалғұты ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Б.Жамангозов, ардагерлер кеңесінің мүшелері және ауыл тұрғындары жиналды. Салтанатты шарада алдыменен Б.Жамангозов жиналған көпшілікті мерекемен құттықтап, осы күндері аудандағы ел игілігі үшін қолданысқа беріліп жатқан нысандарды атап өтті. 120 шаршы метрді құраған медициналық мекеме 10 келушіге арналған. Ғимарат электр және су жүйесіне қосылып, газбен жылытылады. Заманауи қондырғылармен жабдықталған. Мекемеде бір фельдшер мен бір акушер тұрғындарға қызмет көрсетеді. Осыған байланысты қалғұтылықтар аудан орталығына бармай, өз ауылында медициналық қызметті пайдалануға мүмкіндік алды. Әрине, бұл жаңалыққа тұрғындар дән риза.

ҚР Тұңғыш Президенті мерекесіне орай ашылып жатқан нысандардың қатары Кенен ауылында жалғасын тапты. Мұнда ауылдық амбулатория ғимараты бой көтеріп, тұсауы кесіліп, ел игілігіне берілді. Ашылу салтанатына арнайы катысқан аудан әкімі Болатбек Байтөле әуелі ауыл тұрғындарын келіп жеткен мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ аудан әкімі мерекеге тұспа тұс келіп, тұсауы кесіліп жатқан нысанның ашылуымен де құттықтады. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысынан ардагері Керімқұл Қосақов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет жаңа ғимараттың лентасын қиып, ақ батасын берді. Айта кетсек, мамыр айында басталған жаңа мекеменің құрылысын "Астана Энерго Мастер" ЖШС жүргізіп, бүгінде қолданысқа берілді. Барша келген қонақтарды амбулатория бас дәрігері Толқын Тойшыбекова нысанның ішкі жұмыстарымен таныстырып өтті.

Осы күні Ауқатты ауылдық округіне қарасты Қызылсай ауылында «Тілашар» атты жекеменшік балабақша ашылды. 50 орынға арналған мектепке дейінгі білім беру мекемесінде екі топқа бөлінген балақайлар қазақ тілінде тәрбиеленетін болады. Балабақшаның ашылуы ауылдағы жұмыссыздық мәселесін шешуге ықпал еткенін де ерекше айта кеткен жөн.

 

Жоспар бойынша мұнда екі педагог және алты көмекші персонал, барлығы сегіз адам жұмыспен қамтылып, бүлдіршіндер тәрбиесімен айналысатын болады. Балалар мекенінің салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Болатбек Байтөле, ауданның Құрметті азаматтары, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты. Соңғы жылдары Қызылсай ауылында халық санының өсу қарқыны байқалады. Ал, ашылған балабақша ел сұранысын толықтай қанағаттандырмақ.

«Бүгін Жамбыл облысының 80 жылдығына орай және Тұңғыш Президент күні қарсаңында бірнеше әлеуметтік нысандардың ашылуы жоспарлануда. Олардың ішінде білім беру мекемелерімен қатар медицина нысандары да бар. Мектепке дейінгі тәрбиеге келер болсақ, бұл дегеніңіз адамның қалыптасуы мен дамуындағы бірінші саты. Балабақшада жаңа тұлға қалыптасады, балалар дүниетаным негіздерімен танысады. Мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында салынған 50 орынға арналған балабақшада балақайлардың жан-жақты және толық дамуына барлық жағдай жасалған», - деді Болатбек Байқонысұлы.

Ауыл тұрғындарының атынан ақсақал Арыстанбек Молдажанов сөз алып, жерлестерін балабақшаның ашылуымен құттықтады.

«Ауылда осындай мекеменің ашылуы маңызды оқиға. Халық саны ұлғайып, балаларымыз өсіп келеді. Бұл мекемеде еліміздің нағыз патриоттары, біз мақтан тұтатын тұлғалар тәрбиеленетініне сенімдімін. Біздің ынтымақтық пен ауызбіршілік дамуға және барлық қиындықтарға төтеп беруге мүмкіндік береді», - деп баталы сөзін арнады. Сонымен қатар, ауданның Құрметті азаматы Төле Сүгірбай аймағымыздың 80 жылдығына орай ашылған балабақша жұмысына сәттілік тілеп, ауыл тұрғындарына құтты болсын айтты. Ашылу рәсімінен кейін қатысушылар балабақшаның ішін аралап, онда балақайлар қонақтарға арнайы жаттаған өлеңдерін оқып, билеп те берді.

Дәл осы күні қызылсайлықтардың қуанышы еселене түсті. Ауылда балабақшамен қатар су жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. 10 келушіге арналған медициналық пункттің аумағы 120 шаршы метрді алып жатыр. Ендігі жерде ауыл тұрғындары өзіне қажетті ем-домды жаңа ғимаратта алатын болды. Ашылу салтанатына жиналған қауымды аудан басшысы құттықтап, ізгі тілегін арнады.

«Бұл ғимарат біріншіден тұрғындардың денсаулығын жақсартуға ықпал етсе, екіншіден жергілікті халықтың белгілі бір бөлігін жұмыспен қамтиды, сондай-ақ, экономикалық ахуалға әсер етеді. Алдағы уақытта дәрігерлік амбулатория ауыл тұрғындарына сапалы қызмет көрсетіп, халықтың медициналық көмекке қолжетімділігін арттыру жолында ел игілігіне қызмет ететін болады. Біздің басты мақсатымыз – ауыл тұрғындарының аудан орталығына бармай-ақ сапалы ем алуына ықпал ету болып табылады», - деді аудан әкімі. 

Ауыл тұрғындарының атынан Рахымбай Молдашев ақсақал сөз алды. «Бүгін ауылымызда екі маңызды оқиға орын алып, ең қажетті екі әлеуметтік нысан ашылды. «Басты байлық - денсаулық» деп бекер айтылмаған. Фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылуы қызылсайлықтар үшін үлкен көмек. Ауыл тұрғындарының атынан аймақ және аудан басшылығына қамқорлығы мен ықыласы үшін алғыс білдіремін», - деді қария. 

Осыдан кейін Рахымбай ақсақал мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет нысанның лентасын қиып, жиналған жұртшылық медициналық мекеменің ішін аралап, ұжымына сәттілік тіледі. 

 

Серғазы Манасбаев

Жамбыл облысының 80 жылдық мерейтойына орай, ҚР Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында Қордай ауданында  7 әлеуметтік нысан ел игілігіне берілді.

Жұма күні Жамбыл облысының 80 жылдығына орай тұсауы кесілген нысандар қатарында Ауқатты ауылдық округіне қарасты Бәйтерек ауылындағы медициналық пункт болды.

Аумағы 91 шаршы метрді құрайтын медициналық мекеме 5 келушіге арналған. Нысанның құрылысы мамыр айында басталып, құрылыс жұмыстарын «ДАНИС» жеке кәсіпкерлігі жүргізді. Медпункттің салтанатты тұсаукесер рәсіміне аудан әкімі Б.Байтөле, бірқатар мемлекеттік мекеме басшылары, ауыл ақсақалдары және ауыл тұрғындары қатысты.

«Еліміздің өзге өңірлерімен қатар ауданымыздағы медицина саласының да еңсесі көтеріліп, Тәуелсіздік жылдары біршама оң өзгерістер, жағымды жаңалықтар орын алды. Соның бір айғағы ретінде облыс әкімінің қолдауымен өткен жылы үш ауылда дәрігерлік амбулатория қолданысқа берілсе, биылғы жылы 8 ауылда денсаулық сақтау нысандарының құрылысы жүргізілді. Бүгін міне, ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында ауданымызда бірнеше медициналық нысан ашылғалы отыр. Осындай әлеуметтік нысанының бірі бүгін сіздердің ауылдарыңызда қолданысқа берілгелі тұр. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған бұл нысан мемлекеттің бас-ты құндылығы - халық денсаулығын жақсартуға жасал-ған нақты қадам. Бүгінгі ашылған дәрі-герлік амбулатория сіздердің игіліктері-ңізге қызмет жасайды», - деді аудан әкімі. Сонымен бірге ауыл тұрғындарын Қордай аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Анатолий Бражников құттықтады.

«Бүгін біз маңызды оқиғаның куәсі болдық. Ел игілігіне әлеумет-тік маңызы бар нысан тапсырылуда. Бұл медициналық пункт халыққа барынша қызмет көрсетіп, отандастарымыздың денсаулығын жақсартуға елеулі үлес қосуына тілектеспін», - деп Анатолий Федорович құттықтау сөздерін жеткізді.

Ауыл тұрғындарының атынан «Восход» ШҚ басшысы Даур Сейтахунов сөз алып, өз лебізін қазақ тілінде білдірді. «Бүгін ауылымызда үлкен мереке. Осындай медициналық пункттің ашылуы біздің кішігірім ауылымыз үшін үлкен оқиға. Мереке қарсаңында баршаңызға зор денсаулық және ортақ үйіміздің гүлденуін тілеймін», - деді Д.Сейтахунов.

Жаңа ашылған медициналық пунктпен бізді Ауқатты ауылдық емханасының аға дәрігері Сулейман Айдыров таныстырды. Медициналық мекемеде фельдшерлік кабинет, әйелдер кабинеті, егу-процедуралық кабинеті және қажетті техникалық кабинеттер бар екен. Жоспар бойынша мекемеде 3 адам жұмыс істейді. Ашылу рәсімінен кейін аудан басшысы ауыл ақсақалдарымен бірге медициналық пункттің ішін аралап, құрал-жабдықтарын көріп шықты.

Медициналық қызметтің сапалы болуы үшін барлығымыз белсенді болуымыз қажет. Қазіргі кезде облыс тұрғындарынан сауалнамалар жүргізілуде. Тұрғындар арасында сауалнаманы жеңіл жүргізу үшін  әлеуметтік желілір арқылы онлайн сауалнама жүргізу  мүмкіндігін тұрғындар арасында таратылуда. Соңғы кездері 18 бен 35 жас аралығындағы тұрғындар арасында әлеуметтік желілер кеңінен тарауда.

Егер де сізде сол сауалнамаға онлайн қатысқыңыз келсе төмендегі ссылка бойынша тапсырсаңыз болады.

https://docs.google.com/forms/d/1W25fBbeLcXKvQJpGQGVfPZz0XC3xzhy2LzzkzHeoYdI

 Нұрсейіт Қарабаев «Адырна-Таразы» жастар қоғамдық бірлестігінің жоба жетекшісі

«Мен ауырған кезде аяққа тұрғызған жандар нашар қызмет ету мүмкін бе?» дәл осындай мәтінде Жуалы ауданының тұрғындары емдейтін дәрігерлеріне дән ризашылығын білдіруде.

«Адырна-Таразы» жастар қоғамдық бірлестігі Жуалы ауданды ауруханасында емалушыларымен сұқбаттасып сауалнама жүргізді. Ауруханадағы барлық ем алушылар аудандық дәрігерлер мен қызметкерлерге өз ризашылығын білдіруде. «Қазіргі кезде сәл сырқаттанып қалсақ дереу емдеп іске кірісетін дәрігерлерімізге алғыс білдіреміз. Мен ауырған кезде аяққа тұрғызған жандар нашар қызмет ету мүмкін бе?» деп өзінің ризашылығын Жәмилә әжеміз білдіруде. Бұл сауалнамаға аудан тұрғындары барынша белсенді ат салысып өз ойларын ортаға салды.

 

«Адырна – Таразы» жастар қоғамдық бірлетігінің мүшесі Жасұлан Нұрғалиұлы Пернеқұл

Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының тапсырысы бойынша «Халықтық медициналық қызмет сапасына қанағаттану деңгейін зерделеу» әлеуметтік маңызы бар жоба аясында «Адырна Тараз» жастар қоғамдық бірлестігінің жүзеге асыруымен облысымыздағы барлық медициналық қызмет көрсету мекемелеріндегі емделушілерден сол медициналық мекемелердегі қызмет сапасының деңгейін анықтау мақсатында анонимді сауалнама алу жоспарланған болатын.

Осы әлеуметтік маңызы бар бағдарлама бойынша қазіргі таңда Жамбыл облысының Қордай, Шу, Мойынқұм, Талас, Сарысу аудандарындағы және Тараз қаласындағы медициналық мекемелерде сауалнама жүргізілді. Салаунама стационарлық және амбулаторлық мекемелерге сәйкес екі нұсқада және қазақ орыс тілдерінде жүргізілді. Бұл сауалнаманың мақсаты медициналық мекемелердегі қызмет сапасының деңгейін анықтау. Алдағы уақытта Жамбыл облысының қалған аудандарындағы медициналық мекемелерде сауалнама жүргізу жоспарлануда.

 

Нұрсейіт Қарабаев «Адырна-Таразы» жастар қоғамдық бірлестігінің  жоба жетекшісі 

Страница 1 из 2