Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Экономика / 1-мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

1-мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

Ынтымақ пен бірлік мерекесі Жамбыл облысында да барынша салтанатпен аталып өтті, – деп хабарлайды “Zhambylnews” AA.

Облыс орталығы мен аудандарда Қазақстан халқы бiрлiгi күнiне арналған мерекелiк шаралар ұйымдастырылды. «Достық» алаңына жиналған қауым бiр-бiрiмен қол ұстасып, «Достық гүлiн» құрып, барлық ұлттың бiр атаның баласындай тату-тәттi тұрып жатқандығын көрсеттi.

Өңір жұртшылығын облыс әкiмi Асқар Мырзахметов мерекемен құттықтады.

“Ынтымағы жарасқан, көпұлтты Қазақстан” театрландырылған қойылымына өнер ұжымдары мен этномəдени бірлестік өкілдері үлес қосты. Олар өздерiнiң салт-дәстүрлерін, өнерін сахнада көрсетіп, ұлттың ерекшеліктерін таныстыру мақсатында көрме ұйымдастырды.

Бүгінде Жамбыл облысында 26 ұлт өкілдері тұрады. Олар тілі мен дінін, дəстүрі мен салтын сақтап, жергілікті халықпен бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүруде.

 

 

joomla 3.5