Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Экономика / IT саласы бойынша

IT саласы бойынша

Облыс бюджетінің ауқымды бөлігі білім беру саласына жұмсалып келеді. Өткен жылы 98,4 млрд. теңге бөлінсе, биылғы жылы оның көлемі 102,7 млрд. теңгеге жетті деп хабарлайды «TURANINFO.KZ» ақпараттық агенттігі.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту барлық білім беру жүйесінің негізгі болғандықтан, оның мәні ерекше. Ақпаратқа сүйенсек, облыста 3 пен 6 жас аралығында балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткіші 90,2 пайызды құрайды. Сондықтан, біз жалпы балалар саны мен халықтың табиғи өсімін ескере отырып, тиісті жоспарды бекітуіміз керек. Бүгінде облыста 477 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істесе, оның тек 20 %-ы жекеменшік. 2020 жылға белгіленеген межеге жету үшін, әр ауылда, ауданда мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті ары қарай дамытып, жеке бизнесті тарту қажет. Бұл жұмысты «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында да атқаруға болады.

Елбасы Жолдауында цифрлы білім беру ресурстарын дамытуға бет бұруды тапсырды. Бізде мектептерді жылдамдығы жоғары интернетке қосу және оларды видеоқұрылғыларымен жабдықтау үшін толық мүмкіндіктер бар. Бүгінде онлайн білім құралдарына және ата-аналармен хабар алмасудың заманауи әдістеріне қол жеткізу үшін облыс бойынша мектептердің 99,8% цифрлық білім беру ресурстары порталына 70,7% жоғары жылдамдықты Интернет желісіне қосылған. Алайда, мұның өзі, әсіресе бала саны көп мектептерде, әрбір мұғалім мен оқушының ғаламторға шығу мүмкіндігін қамтамасыз етпейді. Сондықтан Интернет жылдамдығын көтеру үшін жергілікті бюджеттен 229 млн. Теңге қарастырылып отыр. Биыл облыс орталығында ІТ мектеп-лицей ашу көзделуде. Себебі, төртінші өнеркәсіптік революциялық даму бағыты оқу орындарына зор жауапкершілік жүктеп отыр.

joomla 3.5