Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Политика / Ынталанған ырысқа кенеледі

Ынталанған ырысқа кенеледі

Жуырда облысымызға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым жұмыс сапарымен келді.

Федерация төрағасы әуелі «Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінде болып, оның мүше¬ле¬рі¬мен кездесті. Басқосуда Бақытжан Әбдірайым бұл жүздесудің маңыздылығына тоқталып, жуырда ғана тағайындалған «Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Төлепбергеннің жұмысына табыс тіледі.

– Білім мен ғылымға жақын, еңбекқор, жұмысына жауапты азаматтарға төртінші өнеркәсіптік революция үлкен мүмкіндік береді. Ал, жалқауға, еріншекке, кәсіби деңгейін өсіруге ынтасы жоқтарға қиындық туғызады. Себебі, өнеркәсіптік төңкеріс көз алдымызда жүріп жатыр. Бұл үдерісте ең алдымен жұмыссыздық пайда болады. Кімдер жұмыссыз қалады? Әлгіндей кәсіби деңгейін өсірмейтін, жаңа технологияны үйренбейтін, оқу мен кәсіпке құлқы жоқ жандарға айтарлықтай тұсау салады. Міне, сондықтан, алдымызда мүмкіндіктер мен қиындықтар қатар келе жатыр. Осы тұрғыдан қарайтын болсақ, цифрландыру өнеркәсіп пен кәсіпорындардағы жұмыс орнын азайтады. Бірақ, өндірістің көлемі мен сапасы ұлғаяды. Бұл мемлекеттің экономикасы үшін өте пайдалы әрі қажетті даму үрдісі болмақ. Өйткені, әлем елдері де осы бағытпен келеді. Сол себепті жергілікті кәсіподақ ұйымдарының алдында аталған мәселелерді еңбек ұжымдарына жан-жақты түсіндіру міндеті тұр.

joomla 3.5