"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Руханият

Руханият

Тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына жол бермеуді насихаттау мақсатында «Қылмыс ұлтқа бөлінбейді» тақырыбында семинарлар Тараз қаласы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Жамбыл медициналық жоғары колледжі, «Тараз-Болашақ» медициналық жоғары колледжі мен Алматы облысы, Қаскелең гуманитарлық техникалық колледжі, Жетісу гумманитарлық-техникалық колледжі және Түркістан облысы Халықаралық меймандостық университетінде конфликтологпен семианарлар өтті.

Семинарлар құқық қорғау саласында қызмет ететін азаматтарға, ЖОО оқитын студенттерге этносаралық инциденттер мен қақтығыстар туындаған кезде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру және консультация беру жұмыстарын жүргізу мақсатында ұйымдастырылды.

Семинарды Психология ғылымдарының кандидаты, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Әлеуметтік психология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент), бір монография, үш оқу құралы (Конфликтология, Қарым-қатынас психологиясы, кәсіби іс-әрекет психологиясы), үш оқу-әдістемелік нұсқаулық, алты әдістемелік құрал, жүзден астам ғылыми мақалалар авторы Тұрдалиева Шолпан Тұрсынбайқызы жүргізді.

2023 жылғы 14 қыркүйекте Алматы облысы, Қонаев қаласында «Жаңа-Ру» жастар коалициясы қауымдастығының ұйымдастыруымен тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына жол бермеуді насихаттауға арналған интеллектуалды квест ойыны өтті. Облыстық квест ойынына 11 команда қатысты. Интеллектуалды форматтағы квест ойыны 5 кезеңнен тұрды және Қазақстандағы мәдениет, қазақ жазушылары мен олардың басылымдары, әлем дәстүрлері, гуманизм, туған жердің тарихы және т. б. туралы сұрақтар қойылды. Квест ойынының қорытындысы бойынша І орынды «Жаңа Қазақстан» командасы (150 мың тг), ІІ орынды «Самға» және «Қонаев»командасы (100 мың тг), ІІІ орынды «Қарасай жастары» пен «Тұлрар» командалары (50 мың тг) иеленді. Ал, интеллектуалды ойынға белсенді қатысып, ерекше көзге түскені үшін «Үздік топ» номинациясын «Бірлік» және «Жан досым» командалары 25 мың теңгеден ынталандыру сыйақыларын алды. Сонымен қатар, Алматы облысының жастарынан осы квест ойындарының тағыда өтуін ұсыныс ретінде айтты..

 

 8 маусымда Облыстық жастар ресурстық орталығы мен «Жаңа-Ру» жастар коалициясы қауымдастығының ұйымдастыруымен этнос өкілдері арасында ауызбіршілік пен достық қарым-қатынасты насихаттауға арналған интеллектуалды облыстық «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» квест ойындарын өтті.
​Облыстық квест ойындарына Тараз қаласы мен аудандардан 17 команда қатысты.
5 кезеңнен тұратын квест ойындары қорытындысы бойынша І орынды Тараз-Туризм орталығының қызметкерлерінен құралған «Жауқазын» командасы (150 мың тг), ІІ орынды Шу ауданынан келген «Шу жастары» командасы (100 мың тг), ІІІ орынды Тараз қаласынан «Тараз жастары» мен «Найзағай Маквин» командалары (50 мың тг) иеленді
​Ал, интеллектуалды ойынға белсенді қатысып, ерекше көзге түскені үшін «Белсенді команда» номинациясына Байзақ ауданы жастарынан құралған команда алса, ал, «Креативті команда» номинациясына «Ассамблея жастары» командасы ие болып, 25 мың теңгеде ынталандыру сыйақылары берілді.

"Ұлты басқа, тілегі бір"
Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Полатқосшы, Гродекова, Қызылқайнар, Ақбұлым ауылдарында мектеп оқушыларына арналған арнайы ұлттық құндылықтарға, бірлікке, татулыққа, ұлтжандылыққа, тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына жол бермеуге тәрбиелеу мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылды. 

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранты аясында «Ұлты басқа, тілегі бір» жобасы аясында Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Полатқосшы, Гродеково, Қызылқайнар, Ақбұлым ауылдарының тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылып, Тіл үйренудің тиімді тәсілдері түсіндірілді түсіндірілді. Кездесу барысынында Жоба жетекшісі Асхат Олжабай мемлекеттік тілді меңгеру арқылы мол мүмкіндіктерге жаңа есіктер ашуға болатынын айтты. Кездесу барысында қазақ тілін онлайн және офлайн тегін үйрететін курстар бар екендігі, оларға қалай жазылуға болатығы туралы тұрғындарға ақпараттар берілді.

 «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранты аясында «Ұлты басқа, тілегі бір» жобасы аясында Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи, Сортобе, Аухатты, Булар Батыр ауылдарының тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылып, Тіл үйренудің тиімді тәсілдері түсіндірілді түсіндірілді. Кездесу барысынында Жоба жетекшісі Асхат Олжабай мемлекеттік тілді меңгеру арқылы мол мүмкіндіктерге жаңа есіктер ашуға болатынын айтса, осы Қордай ауданының тұрғыны Хива Зульфия қазақ тілін аз уақытта қалай меңгергенін, тілді үйренуі оған жұмысқа орналасуына үлкен септігін тигізгендігін мақтанышпен жеткізді. Кездесу барысында қазақ тілін онлайн және офлайн тегін үйрететін курстар бар екендігі, оларға қалай жазылуға болатығы туралы тұрғындарға ақпараттар берілді.

ҚАЖД мекемелеріндегі түсіндіру жұмыстары

Жамбыл облысында «Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД мекемелерінде жазасын өтеуші азаматтар арасында радикалдық діни идеологияға қарсы бейімдеу іс-шараларын ұйымдастыру» тақырыбындағы әлеуметтік жобасын жүзеге асырылуда. Жобаның негізгі мақсаты ҚАЖД мекемелерінде жазасын өтеуші азаматтармен жеке нүктелі жұмыстар жүргізу. Жобаны жүзеге асыру мақсатында Республикаға танымал республикалық маңызы бар қалалардандінтанушы, тарихшы, психолог мамандарын тарту көзделген болатын. «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйыдастыруымен танымал дінтанушы, тарихшы, психолог мамандар шаықырлды. Атап айтар болсақ  жоба бастау алғанкезден бастап, жобаға білікті мамандар Стамбакиев Нұржан, Смағұлов Нұржан, Шакимова Лола, Молдахметов Рүстем атты мамандар Тараз қаласында 158/2; 158/4; 158/7 түзету мекемелерінде жазасын өтеуші азаматтармен жеке және топтық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндірме жұмыстары барысында жазасын өтеп жатқан азаматтардың теологиялық және психологиялық партреттерін сараптап берді. Сонымен қатар жоба аясында түзету мекемелерінде жұмыс жасайтын мамандарға да арнайы түсіндірме жұмыстары, семинар-тренингтер жүргізіліп түсіндірілді. Алдағы уақытта түсіндірме жұмыстары өз жалғасын тауып ҚАЖД мекемелерінде респубикаға танымал дінтанушы Илимбаев Ризабек және Мейірбеков Данияр мамандар Тараз қаласында түзету мекемелеріндегі азаматтармен кездесіп тікелей жеке және топтық ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.

 

 

«Тұрақты қоғам» атты кездесу

 

Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысы шеңберінде «Жаңа-ру» жастар коалициясы заңды тұлғалалар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тұрғындар арасында діни экстремизм және терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық, профилактикалық, танымдық жұмыстар жүргізу» тақырыбындағы әлеуметтік жобаның

аясында Сарысу ауданында ауылдық округтерде «Тұрақты қоғам» атты іс-шаралар кешені ұйымдастырылып, өткізілді.

Кездесулерге Жамбыл облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы Дәурен Құттыбаев арнайы шақырылып, тұрғынддармен, жастармен кездесу өткізді. Кездесу барысында бүгінгі таңдағы діни брлестіктермен, теріс ағымдардың ішкі және сыртқы сыйпаттарына тоқталып, түс

 

 

індіріп өтті. Кездесулерге қатысушылардан туындаған сұрақтарға жалпылама, ауызекі түсінікті тілде түсіндірме беріп өтті.

Жоба аясында 10-нан аса кезделер Жаңатас, қаласында және ауылдық округтерде, ұйымдастырылды.

 

Біліктілікті арттыру курсын тәмамдаған имамдарға сертификат табысталды
???? Халықпен күнделікті тығыз қарым-қатынас жасайтын имамдарға кәсіби біліктілік пен жан-жақты білімді болу өте маңызды.
〽️ Осы орайда аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Жамбыл облыстық мешіттің наиб имамдары мен ұстаздары Нұралы Бақытұлы, Жарбол Ақжігіт, Ержан Аманбаевтың қатысуымен аудандық мешіт имамдарына арналған екі күндік біліктілікті арттыру семинары өтті.
✅ Имамдардың діни білімі мен біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған семинарда Ақида, Фиқһ сабақтары бойынша дәрістер оқылып, уағыздар айтылды.
⛔️ Шара соңында қысқа мерзімді курсқа қатысқан 15 имамға білікті арттыру курсының арнайы сертификаты табысталды.
 
 

1 бет. Барлығы: 2