"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Саясат / Су тасқыны алдын-алу

Су тасқыны алдын-алу

Биыл өңірдегі 24 суқойма мен бөгеттер ағымдағы жөндеуден өтеді. Ал мемлекеттік бағдарлама аясында 3 суқоймасын салу жоспарда бар.

Бұл туралы облыс әкімі Асқар Мырзахметов халық алдындағы есепті кездесуінде айтты. Жамбыл облысы ағын судың 80 пайызын көршілес Қырғыз елінен алады. Түйіткілді мәселені шешу үшін биылдан бастап аймақтағы бұрын болған тоғандарды қалпына келтіру мен тоғандар салатын жаңа мүмкіндіктер қарастырылады. Мемлекеттік бағдарлама аясында сыйымдылығы 40 млн. текше метрді құрайтын 3 суқойма салу жоспарлануда. Ал, 2021 жылға дейін «Қарақоңыз», «Ынталы», «Тасөткел» суқоймаларының көлемін ұлғайту жұмыстары жүргізілмек. Иесіз қалған нысандар коммуналдық меншікке қайтарылады. Аталған жұмыстар аяқталғанда өңірдегі 86 мың гектар суармалы жер қайта айналымға енгізіледі. Су тапшылығын азайту үшін алда атқарылатын жұмыстарды саралаған өңір басшысы, суармалы жерлерге толық талдау жүргізіп, оларды қалпына келтіру бойынша тапсырмалар берді.

joomla 3.5