"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Саясат / ҚР Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын өтті

ҚР Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын өтті

Облыстық Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Ықылас Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінде облыс әкімінің қатысуымен ҚР Тұңғыш президент күніне арналған салтанатты жиын өтті

 

Оған Əулиета өңірінің зиялы қауым өкілдері, мәдениет қайраткерлері, ұстаздар, студенттер мен қоғам белсенділері қатысты.
Салтанатты жиында сөз алғандар тәуелсіз Қазақстан жетістіктерін тілге тиек етті.

Салтанатты кеште өңірдің өсіп-өркендеуіне ат салысып жүрген бірқатар азаматтарға мерекелік медальдар мен арнайы төсбелгілер тағылды. Олардың қатарында еңбек ардагерлері, дәрігерлер мен ұстаздар бар.

Салтанатты шара соңы облыс өнерпаздарының орындауындағы мерекелік думанды концертке жалғасты.

joomla 3.5