"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Саясат / Таразда «Алаш ұстанымы - ұлт мұраты» атты конференция өтті

Таразда «Алаш ұстанымы - ұлт мұраты» атты конференция өтті

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «АЛАШ ҰСТАНЫМЫ – ҰЛТ МҰРАТЫ» республикалық ғылыми-тәжірибелік конферециясы өтті. 

Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында өткен іс-шарада танымал тарихшы ғалымдар баяндама жасады. 

ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі,  т.ғ.д., профессор Мәмбет Қойгелді, Халықаралық «Қаһармандар» қоғамдық қорының президенті Сабыр Қасымов, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры, ф.ғ.к. Сұлтан Хан Жүсіп, «ҚР Ұлттық Музейі» РМКК жанындағы «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, с.ғ.к. Берік Әбдіғалиұлы және Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к. Ерлан Сайлаубай, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің «Алаштану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Тұрдықұл Шаңбай және  «Асу» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ардагер журналист Москау Нокрабеков сынды тарихшы ғалымдар қатысты.

Конференцияны облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәлиұлы ашып, жүргізіп отырды. Басқарма басшысының айтуынша, 1918 жыл тарихи даталарға толы жыл.

Өткен жылы елімізде Алаш орда ұлттық үкіметінің 100 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті. Алайда Алашорда ұлттық үкіметі 1917 жылы құрылғанымен алаш арыстарының ең маңызды саяси шешімдері 1918 жылы қабылданған болатын. Мысалы 1918 жылдың 19 наурыз күні Совет үкіметінің мүшесі, ұлт жұмысын басқарушы комиссар Сталин Мәскеуден Семейдегі Алашорда ұлттық үкіметінің басшылары – Әлихан Бөкейхан мен Халел Ғаббасты телеграфқа шақырады. Осы әңгімеден кейін 2 күн өткен соң Алашорда үкіметі кеңес үкіметін Рсейдегі барлық автономиялы халықтардың кіндік үкіметі деп арнайы қаулы жариялады. Алайда Кеңес үкіметі Алашорда үкіметін мойындамағаннан кейін осы жылдың 11-12 маусым күндері Алашорданың кеңес үкіметі декреттерінің күшін жойып, уақытша жер пайдалану, әскери кеңес құру, облыстар мен сиездерде Алашорда үкіметінің  кеңестерін құру туралы қаулысы қабылдады, – деді Берік Уәлиұлы.

Конференция аясында қарар қабылданып, Әулиеата өңірінде атқарылатын шаруалар анықталды.

 

 

joomla 3.5