"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Саясат / Қордай ауданының әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті

Қордай ауданының әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті

Өңірдегі жергілікті атқарушы органдардың жұмыс тиімділігін арттыру, халыққа жақын болып, әлеуметтік проблемаларды табандылықпен шешу мақсатында іске асырылып отырған  Жамбыл облысы жергілікті атқарушы органдардың жұмыс алгоритміне сәйкес аудан әкімі Б.Байтөле кезекті жұмыс сапарын Ноғайбай  ауылдық округінде жалғасытырды. 

 

Алдымен округке қарасты Сарыбастау ауылына ат басын бұрған аудан басшысы тұрғындармен кездесіп, аудан тарапынан қолға алынып жатқан жұмыстар, оның ішінде нақты сол ауылда биыл қолға алынатын тірліктер турасында айтып өтіп, сонымен қатар тұрғындарды толғандырып жүрген сұрақтарға да жауап берді. Кездесу барысында Болатбек Байқонысұлы бірлігі жарасқан ауылдың біріге атқарып отырған жұмыстарына ризашылығын білдірсе, ауыл тұрғындары аудан әкімінің арнайы келіп, сұрақтарын тыңдап, ауылға айырықша көңіл бөлгені үшін алғыстарын айтты. Осыдан кейінгі аудан басшысы барған Шарбақты ауылында тұрғындармен кездесу ауылдық клубта өтіп, онда қарапайым заттар экономикасы, жаңа форматтағы әлеуметтік көмек туралы ақпараттар беріліп, тұрғындар тілегі мен ұсыныстарына да құлақ түрді. Шарбқаты ауылынан түскен кейбір сауалдарға сол жерде нақты шешім шығарылса, кейбірі хаттамаға тіркеліп, шешу жолдары қарастырылатын болып, бірқатар бөлім мен мекеме басшыларына тапсырмалар берілді. Осындан кейін округ орталығы Ноғайбай ауылына барған Болатбек Байтөле ауылдық амбулотория, балабақша мен ауыл шаруашылығы колледжінде болып, жай күйімен танысып шықты. Сапар барысында ауыл тазалығына қатысты бірқатар сыни пікірлер де айтылмай қалмады. Округ тұрғындарымен жиналысты мектепте өткізген аудан басшысы мұнда да тұрғындармен емен-жарқын еркін форматта сұхбат құрып, ұсыныстары мен талап-тілектерін тыңдап, оның шешу жолдарын бірге қарады. Және мұнда да аудан әкімі орынбасарлары мен бөлім басшыларына тұрғындар ұсынысына байланысты бірқатар тапсырмалар жүктелді.

joomla 3.5