"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Саясат / Ғалым ғибраты

Ғалым ғибраты

Облыстық Ардагерлер үйінде белгілі абайтанушы ғалым, Мемлекеттік және «Түркі әлеміне қызмет» сыйлықтарының иегері Мекемтас Мырзахметов өңір ардагерлерімен жүздесті.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында өткен байыпты басқосу барысында жиналған қауым ғалыммен ашық-жарқын әңгімелесіп, емін-еркін ой бөлісті. Филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметов өз сөзінде Елбасы мақаласының ұлтты біріктіруге бағытталған жаңа тарихи құжат екенін айтты. – Ұлттық кодқа ерекше мән беру керек, бұл шешуші мәселе. Мысал келтіре отырып түсіндірейін. Ерте кезде біздің бабаларымыз «Бір жылдығын ойлаған адам бидай егеді, он жылдығын ойлаған тал егеді, мың жылдығын ойлаған адам ұрпағына ізгілік егеді» деген.

Осы ізгіліктің астарын іздейік. Білетініміздей, қиын-қыстау заманда қазақ жеріне қаншама халық қоныс аударып келсе, солардың барлығы да қазақ халқына алғысын айтады. Себебі, қазақ өзі аш отырса да, қолында бар асын солармен бөлісе жеген. Оны бала кезімде өзім де көзбен көргенмін. Олар қазақтың мұндай жақсылығын ұмытқан жоқ. Ал, бұл ізгілік бізге қайдан келді? Басқа халыққа қарағанда қазақ неге ерекше бауырмал, ерекше мейірімді, рахымды? Бұл VІІ ғасырдан бастау алып келе жатқан игі қасиет. Міне, осының астарына терең үңілуіміз керек, – деген Мекемтас Мырзахметов тарих тағылымы, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы туралы пайымды пікірлерімен бөлісті.

joomla 3.5