Өңірдегі жергілікті атқарушы органдардың жұмыс тиімділігін арттыру, халыққа жақын болып, әлеуметтік проблемаларды табандылықпен шешу мақсатында іске асырылып отырған Жамбыл облысы жергілікті атқарушы органдардың жұмыс алгоритміне сәйкес аудан әкімі Б.Байтөле кезекті жұмыс сапарын Ноғайбай ауылдық округінде жалғасытырды.
Ауыл шаруашылығы жөнінен Қордай ауданы облыс бойынша көшбасшылардың бірі екені анық. Кейінгі жылдары мал шаруашылығын дамытуда, оның ішінде асылдандыруға үлкен ден қойылып отырғанының арқасында ет экспортына жаңа леп берілгені жасырын емес. Осы ретте шаруалар асыл тұқымды дамыту арқылы малдың өнімділік және тұқымдық қасиеттерін жақсартудың бірден бір жолы екенін дәлелдеп келеді.

Қордай ауданында «Жаңғыру күніне» орай бүгін дүние есігін ашқан сәбилер мен олардың аналарын аудан басшылығы құттықтады.
Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «АЛАШ ҰСТАНЫМЫ – ҰЛТ МҰРАТЫ» республикалық ғылыми-тәжірибелік конферециясы өтті.
Облыстық Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Ықылас Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінде облыс әкімінің қатысуымен ҚР Тұңғыш президент күніне арналған салтанатты жиын өтті
Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен “Латын әліпбиі – ел ертеңі” тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттерді іске асыруға арналған облыстық актив жиналысы өтті.
«Баласағұн» орталық концерт залында Ұлы Дала елінің Елордасы – ару шаһар Астананың мерейтойына орай Жамбыл облысындағы Астана күндеріне арналған «Астанадан ақ тілек» атты мерекелік гала-концерт өтті.
Биыл Жамбыл облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73 жылдығына орай өтетін мерекелік іс-шара Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында ерекше салтанатпен бастау алды, – деп хабарлайды “Zhambylnews” AA.
Биыл өңірдегі 24 суқойма мен бөгеттер ағымдағы жөндеуден өтеді. Ал мемлекеттік бағдарлама аясында 3 суқоймасын салу жоспарда бар.
23 Сәуір 2019
725