Наурыз мерекесі қарсаңында Қордай ауданы орталығының батыс алқабында, ауыл ажарына сән берер саябақ ашылды. Саябақтың ашылу салтанатына аудан әкімі Болатбек Байтөле, аудан әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, бөлім және мекеме басшылары, аудандық ардагерлер кеңесі мен жастар қатысты.
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясындағы «Туған жерге туыңды тік» акциясы мейірімді, атымтай жомарт жандарды туған жеріне деген ыстық ықыласын білдіруге шақырады. Осы бағдарлама аясында ауданымызда белгілі кәсіпкер, Қордай ауданының Құрметті азаматы Сәрсебек Салыбаев көмекке зәру, тұрмыс жағдайы төмен 3 отбасыға арнап үшпәтерлі үй салып берді.
1 наурыз – Алғыс айту күнін көптеген ұлт өкілдері біте қайнасып, татулықты ту еткен Қордай жерінде ерекше ілтипатпен атап өтіп келеді. Кеше аудандық Мәдениет үйінде ұйымдастырылған мерекелік шара соның айғағы. Қазақ халқының даласындай дархан көңілі мен пейілі негіз болған мерекенің мәйегі турасында сөз болды осы күні.
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» ұйымдастыруымен Меркі ауданы, “Тұран” демалыс аймағында облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктердің баспасөз хатшылары мен журналистеріне және блогерлеріне арналған «Ақпарат ағыны және біз» тақырыбында 1 күндік семинар-тренинг өтті.
Жамбыл облысында жалпыреспубликалық «Мектепке жол» акциясы басталды. Тоғыз жылдан бері үзілмей келе жатқан қайырымдылық шарасы аясында биыл да тұрмыс жағдайы төмен отбасылар мен атааналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсетіледі.
«Arai plaza» бизнес-орталығында еліміздегі ең ірі жобаларының бірі – Азияның VI Агрохимиялық форумы өтті.
39 бет. Барлығы: 39
19 Наурыз 2019
613