
Тараз қаласында Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды.
Игі бастамаға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, мемлекеттік қызметшілер, мекеме және кәсіпорын қызметкерлері, ардагерлер, жастар мен қала тұрғындары қатысты. Жалпықалалық тазалық жұмыстарына 5 мыңға жуық адам мен 25 арнайы техника жұмылдырылып, қала аумағынан 150 тонна қоқыс шығарылды.
Сенбілікке Тараз қалалық еріктілер қозғалысының белсенді жастары да атсалысты. Қозғалыс белсендісі Болат Аққанат Саматқызы жастарды ортақ іске жұмылдырып, тазалық жұмыстарына белсенді қатысты. Оның айтуынша, туған қаланың тазалығы әр азаматтың күнделікті жауапкершілігінен басталады.
«Таза Қазақстан» акциясы – қаланы көркейтуге бағытталған бір реттік шара емес, тұрғындардың қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастыратын маңызды бастама. Таза әрі жайлы Таразды қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет.
Осындай игі бастамаларға жастардың белсенді қатысуы қаланың қоғамдық өміріне серпін беріп, волонтерлік мәдениетті одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Тараз қаласының тазалығы мен көркеюіне бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан «Жастар арасында пікірсайыс қозғалысын дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» жобасы аясында «Еркін Пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде «Пікірсайыстың пайдасы» атты семинар-тренинг өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты — жастарға пікірсайыстың тұлғалық және интеллектуалдық дамудағы маңызын түсіндіру, сыни ойлау, шешендік өнер және көпшілік алдында еркін сөйлеу дағдыларын жетілдіру.Семинар барысында қатысушылар өз көзқарасын қалыптастыру, қоғамдық мәселелерді сыни тұрғыдан талдау, пікірін нақты әрі дәлелді жеткізу және пікірсайыс мәдениетін меңгеру бағытында пайдалы ақпарат алды.Іс-шара жастардың пікірсайысқа қызығушылығын арттырып, олардың интеллектуалдық және коммуникативтік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді.

Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жастар арасында пікірсайыс қозғалысын дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» жобасы аясында «Еркін Пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Тараз сервис және технология колледжінде «Пікірсайыс және жастар» атты семинар тренинг өткізілді. «Пікірсайыс және жастар» семинар-тренингініңнегізгімақсаты – жастар арасында пікірсайыс мәдениетін қалыптастыру, олардың сыни және аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін әрі сауатты жеткізу дағдыларын жетілдіру. Сонымен қатар жастарды ңқоғамдық мәселелерге белсенді араласуына, азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және пікірсайыс қозғалысына қызығушылығын арттыруға бағытталды.

Жамбыл облысында «Ауыл» партиясы жанындағы «Ауыл жастары» жастар қанаты ұйымдастырған #АуылЖасКвиз интеллектуалды ойыны өз мәресіне жетті. Екі айға жуық уақытқа созылған жоба аптасына бір рет өткізіліп, бес кезеңнен тұрды. Оған 300-ден астам жас қатысып, өзара білім сайысында бақ сынады.
Жоба барысында қатысушылар түрлі тақырыптағы сұрақтарға жауап беріп, білімдерін шыңдап, таным көкжиегін кеңейтті. Финалдық кезеңнің қорытындысы бойынша «Қадам» командасы маусым чемпионы атанса, «Тарихшылар» командасы екінші орынды иеленді. Ал үшінші орын «Білім Force» командасына бұйырды.
#АуылЖасКвиз жобасы ауыл жастарының зияткерлік әлеуетін арттырып, олардың қоғамдық белсенділігін күшейтуге бағытталған маңызды бастама ретінде бағаланды. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да жастардың білім мен дамуға деген қызығушылығын арттыратын осындай жобаларды жалғастыруды көздейді.
Ауыл жастары – ел болашағы.

«Ауыл» партиясы жанындағы Жамбыл облыстық «Ауыл жастары» жастар қанатының ұйымдастыруымен, Шу қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бірлесуімен және Шу ауданы әкімдігінің қолдауымен «AUYLJASQUIZ» интеллектуалды ойынының IV кезеңі жоғары деңгейде өткізілді.
Аталған зияткерлік сайысқа ауданның белсенді жастары қатысып, өздерінің білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін сынға салды. Ойын барысында қатысушылар түрлі бағыттағы сұрақтарға жауап беріп, тапқырлықтары мен командалық ынтымақтастықтарын көрсетті.
IV кезеңнің қорытындысы бойынша 7 команда бақ сынап, тартысты дода нәтижесінде Әл-Фараби атындағы орта мектеп командасы ІІІ орынды иеленді. Д. Қонаев атындағы орта мектеп командасы ІІ орынға тұрақтаса, А.С. Макаренко атындағы орта мектеп командасы үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі І орынды жеңіп алды.
Жеңімпаз командалар арнайы дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды. Атап айтқанда, ІІІ орын иегерлеріне 50 000 теңге, ІІ орын иегерлеріне 70 000 теңге және І орын иегерлеріне 100 000 теңгелік сертификаттар табысталды.
Осындай танымдық әрі зияткерлік жобалар жастардың білімге деген қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылық және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға зор мүмкіндік береді. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да жастардың белсенділігін арттыруға бағытталған осындай іс-шараларды тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.

Қала әкімінің «Үздік жастар» марапаттау рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл шара – өңір жастарының жетістіктерін насихаттап, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болды.
Салтанатты кешке қаладағы зиялы қауым өкілдері, түрлі салада еңбек етіп жүрген жас мамандар, жастар ұйымдарының жетекшілері мен белсенді жастар қатысты. Жиын барысында қатысушыларға жастар саясатының маңыздылығы айтылып, жас буынның қоғам дамуына қосып отырған үлесі ерекше атап өтілді.
Іс-шараның басты бөлігі – әр салада үздік атанған жастарды марапаттау рәсімі болды. Атап айтқанда, «Үздік жас құқық қорғау органы қызметкері», «Үздік жас өнертапқыш», «Үздік әлеуметтік сала қызметкері», «Үздік жас медицина маманы», «Үздік жас қоғамдық жұмысшы», «Үздік жас дәнекерлеуші», «Үздік жас кезекші слесарь маманы», «Үздік жас қоғамдық көлік жүргізушісі», «Үздік жұмысшы жас», «Үздік белсенді жас», «Жастар ісі жөніндегі үздік қызметкер», «Үздік жас волонтер», «Үздік жас көшбасшы» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталып, арнайы дипломдармен және қаржылай сыйақылармен марапатталды. Марапаттау барысында әрбір жеңімпаздың жетістіктері мен қоғамға қосқан үлесі таныстырылып, олардың еңбегі көпшілікке үлгі ретінде көрсетілді. Бұл өз кезегінде өзге жастарды да белсенді болуға, кәсіби тұрғыда дамуға және қоғамдық өмірге атсалысуға ынталандырады.
Кеш соңында ұйымдастырушылар мұндай игі шаралардың алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтіп, жастарға қолдау көрсету – мемлекеттің басты бағыттарының бірі екенін жеткізді. Аталған марапаттау рәсімі жастардың еңбегін бағалап қана қоймай, олардың жаңа жетістіктерге ұмтылуына серпін берген тағылымды әрі маңызды шара ретінде есте қалды.

2025 жылғы 19 желтоқсанда ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі жанындағы Сараптамалық кеңестің отырысы өтті. Жиынның күн тәртібінде өңірде адам құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер және 2026 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы талқыланды.
ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Е.Т.Қуанышевтың төрағалығымен өткен Сараптамалық кеңес отырысына Жамбыл облысы бойынша Ұлттық превентивтік тетіктің жетекшісі Д.Р.Халидов, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ облыстық филиалының директоры Қ.Е.Төлендиев, «Жамбыл облысының Азаматтық альянсы» ЗТБ төрағасы, ORDA.kz сайтының тілшісі И.Дастан, «Мүгедек жастар қоғамы» ҚБ басшысы, Қоғамдық кеңес мүшесі Ә.М.Даулетбаева, кәсіби медиатор, «Азаматтық құқықтарды қорғау комитеті» ҚБ төрайымы И.Г.Федорова, «Шапағат» корпоративтік қорының басшысы С.М.Нурматова, Жамбыл облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ж.Б.Атенов, Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Б.Қ.Мұқанов, Жамбыл облысы ПД ҚҚБ ювеналдық полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция майоры А.Ж. Пирматов, облыстық Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның хатшысы Қ.Ә.Салықбаева қатысты.
Кеңес барысында қылмыстық-атқару жүйесіндегі құқық бұзушылықтарды болдырмау, ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықпен күрес және БАҚ арқылы құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелері көтерілді. "Заң және тәртіп" қағидасының маңыздылығы да атап өтілді. Қоғамда әділдік пен құқық үстемдігін орнатуда бұл қағиданың рөлі ерекше екені айтылды. Сарапшылар мен қонақтар осы бағытта мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның үйлесімді жұмысы қажет екенін жеткізді.
2026 жылға арналған жұмыс жоспары жобасы талқыланып, оған азаматтық қоғам мен мемлекеттік құрылымдардың өзара іс-қимылын күшейтуге бағытталған бірқатар ұсыныстар енгізілді. Кеңес мүшелері жоспарды пысықтап, бекітуге ұсыну үшін қажетті шаралар қабылданатынына тоқталды.
Жиынды қорыта келе, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Қуанышев Еркін сарапшыларға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіріп, адам құқықтарын ілгерілету ісінде жүйелі серіктестіктің жалғасатынын атап өтті. Сараптамалық кеңес жұмысы өңірде құқықтық мәдениетті қалыптастыру мен заң үстемдігін қамтамасыз етуде маңызды алаң ретінде өз тиімділігін көрсетіп келеді.
қатысқандары үшін алғыс білдіріп, адам құқықтарын ілгерілету ісінде жүйелі серіктестіктің жалғасатынын атап өтті. Сараптамалық кеңес жұмысы өңірде құқықтық мәдениетті қалыптастыру мен заң үстемдігін қамтамасыз етуде маңызды алаң ретінде өз тиімділігін көрсетіп келеді.
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі мен Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бірлесуімен жүзеге асырылып жатқан
«Т. Рысқұлов ауданында білікті теологтар мен дінтанушыларды тарта отырып, ақпараттық-түсіндіру, консультациялық, ағартушылық және оңалту жұмыстарын жүргізу» жобасы аясындааудан имамдарының біліктілігін арттыру, діни ахуалды зерделеу және діни саладағы өзекті мәселелерді талқылау мақсатында семинар ұйымдастырылды. Аталған іс-шара «Еркін Пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылында өтті.Семинар барысында ауданның қазіргі діни жағдайы, мешіттердің қызметі, діни тұрақтылықты сақтау, қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайту мәселелері сөз қозғалды. Сонымен қатар, діни қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын түрлі ұйымдастырушылық және әдістемелік мәселелер, жергілікті жерлердегі діни ахуалдың ерекшеліктері, тұрғындармен, әсіресе жастармен жүргізілетін түсіндіру жұмыстарының маңыздылығы талқыланды.
Іс-шараны Тараз қаласының бас имамы, дінтанушы Аманбаев Ержан Маханұлы және дінтанушы Жақыпов Ерзат Жасқанбайұлы жүргізді. Семинар спикерлері өз баяндамаларында діни қызметкерлердің қоғамдағы рөліне, имамдардың жауапкершілігіне, діни тұрақтылықты қамтамасыз етудегі профилактикалық жұмыстардың маңыздылығына тоқталып өтті. Сондай-ақ, дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау, діни радикализм мен теріс ағымдардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы жалпы шолу жасаСеминар аясында қатысушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, тәжірибе алмасу жүргізілді. Іс-шара аудан имамдарының кәсіби әлеуетін арттыруға, діни қызметтің сапасын жақсартуға және аудан көлеміндегі діни тұрақтылықты нығайтуға бағытталды.
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі мен Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бірлесуімен жүзеге асырылып жатқан
«Т. Рысқұлов ауданында білікті теологтар мен дінтанушыларды тарта отырып, ақпараттық-түсіндіру, консультациялық, ағартушылық және оңалту жұмыстарын жүргізу» жобасы аясында тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру және дұрыс ақпарат көздерін насихаттау мақсатында 2 ақпараттық билборд әзірленді.
Аталған билбордтарда тұрғындар үшін нақты әрі сенімді ақпарат көздері, ресми сайттар, діни мәселелер бойынша кеңес алуға болатын ұйымдардың байланыс деректері, сондай-ақ қажетті байланыс нөмірлері көрсетілді. Билбордтардың негізгі мақсаты – аудан тұрғындарын күмәнді және бейресми діни ақпарат көздерінен сақтандыру, ресми әрі тексерілген ақпаратқа бағыттау, сондай-ақ діни сұрақтар туындаған жағдайда жүгінуге болатын мекемелер туралы хабардар ету болып табылады.
Ақпараттық материалдарда діни сауаттылықты арттыруға бағытталған қысқаша түсіндірмелер беріліп, дәстүрлі діни құндылықтарды насихаттайтын ресурстар ұсынылды. Сонымен қатар, жат діни ағымдардың алдын алу мақсатында азаматтарға дер кезінде кеңес алу және көмекке жүгіну мүмкіндіктері көрсетілді.
Дайындалған билбордтар халық көп шоғырланатын орындарға орналастырылып, кең аудиторияны қамтуға бағытталды. Бұл бастама аудан тұрғындарының діни ақпаратты дұрыс қабылдауына, діни мәселелер бойынша хабардарлығын арттыруға және жалпы аудан көлеміндегі діни тұрақтылықты нығайтуға оң әсерін тигізді.
Страница 1 из 41
30 Сен 2026
34