Толеранттылық – бейбітшілік пен келісімге бастар жол
2025 жылдың 24 маусымында Тараз сервис және технологиялық колледжінде «Бірлігі жарасқан» жобасы аясында маңызды кездесу өтті. «Толеранттылық – бейбітшілік пен келісімге жол» тақырыбындағы бұл іс-шара еліміздегі этносаралық татулық пен қоғамдық келісімнің маңызын жастарға түсіндіруді мақсат етті.
Кездесуге Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілдері арнайы шақырылды. Атап айтқанда, мекеменің Ғылыми-сараптамалық бөлімінің басшысы Қаншимбеков Ербол Бектұрғанұлы мен жастар ісі жөніндегі маман Ақынтай Алмас Саятұлы шара барысында өз ойларымен бөлісті.
Спикерлер өз сөздерінде толеранттылықтың қоғамдағы рөліне, ұлттар мен ұлыстар арасындағы достық пен түсіністіктің маңыздылығына ерекше тоқталды. Олар Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтудағы рөлін мысалға ала отырып, жастарды өзара сыйластық пен ынтымақтастыққа үндеді.
Кездесу барысында колледж студенттері белсенділік танытып, түрлі сұрақтар қойып, пікір алмасуға қызығушылықпен қатысты. Жастардың ой-пікірлері мен көзқарастары қоғамдағы бейбітшілік пен келісімге деген сенім мен ұмтылысты айқын аңғартты.
Мұндай кездесулер өскелең ұрпақтың бойында азаматтық жауапкершілік пен толерантты ойлауды қалыптастыруға, сондай-ақ этносаралық қарым-қатынастың жоғары мәдениетін дамытуға өз үлесін қосады. Іс-шара жастарға терең ой тастап, рухани серпіліс сыйлады.



Тараз сервис және технологиялық колледжінде «Толеранттылық – бейбітшілік пен келісімге жол»
атты студенттермен кездесу
2025 жылғы 22 мамыр күні “Бірлігіміз жарасқан” әлеуметтік жобасы аясында Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасының “Қоғамдық келісім” коммуналдық мемлекеттік мекемесі Тараз сервис және технологиялық колледжінің студенттермен кездесу өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында толеранттылық құндылықтарын насихаттау, этносаралық келісім мен қоғамдық бірлікті нығайту, мәдени әртүрлілікті құрметтеу арқылы бейбітшілік пен татулықты сақтаудың маңызын түсіндіру.
Кездесуге арнайы шақырылған спикерлер:
– “Қоғамдық келісім” КММ жетекші сарапшысы Рахат Ерханұлы;
– Медиация кабинетінің меңгерушісі, кәсіби медиатор Досыбиева Валентина Николаевна;
– “Еркін ойлар алаңы” интеллектуалды пікірсайыс ұйымының төрайымы Бекмырза Айдана.
Кездесу барысында спикерлер “Толеранттылық дегеніміз не?”, “Көпұлтты қоғамдағы бірлік пен келісім”, “Медиация және жастар арасындағы шиеленістердің алдын алу”, “Жастардың ой еркіндігі мен сындарлы диалог жүргізу мәдениеті” тақырыптарында мазмұнды ойларымен бөлісті. Бекмырза Айдана қазіргі жастардың пікір білдіру, өзгелерді тыңдау және ортақ шешімге келу мәдениетін дамыту маңыздылығына тоқталды.
Іс-шара белсенді, диалогқа толы форматта өтті. Студенттер сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісіп, қоғамдағы толеранттылықтың рөлін талқылады.



Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Толеранттылық – бейбітшілік пен келісімге жол»
атты студенттермен кездесу
2025 жылғы 22 мамырда Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ бастамасымен Жамбыл жоғары медициналық колледжінде “Бірлігіміз жарасқан” жобасы аясында студенттермен кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – болашақ медицина қызметкерлерінің бойында төзімділік, адамгершілік, рухани келісім мен толеранттылық сынды құндылықтарды қалыптастыру, оларды этностар мен дін өкілдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Кездесуге қатысқан спикерлер:
– “Қоғамдық келісім” КММ жетекші сарапшысы Рахат Ерханұлы;
– Медиация кабинетінің меңгерушісі, кәсіби медиатор Досыбиева Валентина Николаевна;
– “Еркін ойлар алаңы” интеллектуалды пікірсайыс ұйымының төрайымы Бекмырза Айдана.
Кездесу барысында толеранттылық ұғымының медициналық саладағы маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Рахат Ерханұлы Қазақстан қоғамындағы бейбітшілік пен келісімнің негізі – өзара түсіністік пен құрмет екенін атап өтті. Досыбиева Валентина Николаевна кәсіби медиатор ретінде конфликтология мен медиацияның маңызын түсіндірді. Ал Бекмырза Айдана жастар арасындағы сындарлы пікір алмасу мәдениеті, интеллигентті пікірталас дағдылары, өз ойын жеткізе білу мен өзгелерді тыңдаудың маңызы туралы ой бөлісті.


Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжінде «Толеранттылық – бейбітшілік пен келісімге жол»
атты студенттермен кездесу
2025 жылғы 22 мамыр күні Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ ұйымдастыруымен “Бірлігіміз жарасқан” жобасы аясында Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжінің студенттермен кездесу өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – ауыл жастары арасында қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту, ұлттық және мәдени құндылықтарды құрметтеу арқылы толерантты көзқарасты қалыптастыру, жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру.
Кездесуге қатысқан спикерлер:
– «Қоғамдық келісім» КММ жетекші сарапшысы Рахат Ерханұлы;
– Медиация кабинетінің меңгерушісі, кәсіби медиатор Досыбиева Валентина Николаевна;
– “Еркін ойлар алаңы” интеллектуалды пікірсайыс ұйымының төрайымы Бекмырза Айдана.
Кездесу барысында спикерлер жастардың саналы тұлға ретінде қалыптасуындағы толеранттылықтың рөлі, ұлттық келісім мен этносаралық қатынастардың маңызы туралы айтты. Бекмырза Айдана жастардың пікірталас мәдениетін дамыту, өз ойын ашық жеткізе білу және ортақ шешім табу қабілеттерін жетілдіру жөнінде тәжірибесімен бөлісті.
Кездесу студенттер тарапынан жоғары қызығушылық тудырып, ашық пікір алмасу мен диалогқа жол ашты. Шара қорытындысында студенттер толерантты қоғам құрудағы өз рөлдерін тереңірек түсініп, болашақта бейбітшілік пен келісімді сақтауға үлес қосуға ниет білдірді.


⠀
«САНАЛЫ ҚОҒАМ» қоғамдық қоры жастар арасында есірткі мен оның прекурсорларының таралуына қарсы ауқымды жобаны бастады!
⠀
Жетісу облысы, Талдықорған қаласы мен аудандары
2025 жылдың 30 қарашасына дейін
⠀
Мамандандырылған орталық
Call-орталық пен сенім телефоны
40+ ақпараттық шара
Құқықтық көмек
Антинаркотикалық волонтерлік
5 спорттық іс-шара
Интернет-мониторинг және 50+ арна жабу
10 граффити жою акциясы
Танымал инфлюенсерлермен жұмыс
⠀
Мақсатымыз – қауіпсіз орта құру, жастарды қорғау және нашақорлықтың алдын алу мәдениетін қалыптастыру!
⠀
Бізбен бірге бол!
#ЕсірткісізҚоғам #СаналыҚоғам #StopDrugs #ЖетісуЖастары #Antinarkotik2025 #СалауаттыӨмірСалты
Жоба Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы тапсырысы шеңберінде "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ гранты аясында ұйымдастырылуда

В рамках общенационального проекта «Birgemiz: Qamqor» в Жамбылской области реализован проект «Мейірімді іс».
В Центр оказания социальных услуг №1 прошли соревнования по интеллектуальным настольным играм среди ветеранов.
Проект, направленный на укрепление связи между молодежью и представителями интеллигенции, а также на пропаганду уважения к старшим, способствует поддержанию преемственности поколений и активному участию в общественной жизни ветеранов.
Среди ветеранов много энтузиастов, которые, будучи на заслуженном отдыхе, не сидят на месте, постоянно и активно участвуют в различных мероприятиях, конкурсах и проектах, нередко выступая их инициаторами.
Организаторы хотели создать уникальную площадку для самореализации, культурного обмена и общения.
Ветераны играли в шахматы, шашки, маджонг, «Закрой коробку».
- Игры важны души и для здоровья, помогают позитивнее смотреть на жизнь, а еще они очень важны для общения, которого порой так не хватает пожилым людям. Поэтому мы и решили организовать такие мероприятия. Нам важно было качественно организовать досуг пенсионеров,- говорит волонтер Диана Калманбаева.
Победители и призеры в каждом виде интеллектуальных игр получили грамоты и ценные призы.
Проект «АнтинаркотикТок»: Позитивное влияние на молодежь через мероприятия и социальные сети
Проект «АнтинаркотикТок» нацелен на борьбу с наркоманией и формирование у молодежи здоровых привычек, используя образовательные мероприятия и социальные сети. Основная цель проекта — через проведение различных встреч, семинаров и активных дискуссий, а также через мощные каналы социальных сетей, повлиять на молодежь и донести до нее важность отказа от наркотиков и других вредных привычек.
Мероприятия, такие как дебатные турниры, круглые столы и семинары, организуемые в рамках проекта, создают пространство для активного обсуждения проблемы наркозависимости. Во время таких встреч молодежь не только получает информацию о последствиях наркомании, но и участвует в конструктивных диалогах, что помогает формировать у них осознанное и ответственное отношение к своему здоровью и будущему.
Социальные сети становятся важной частью проекта, позволяя значительно расширить охват аудитории. Через платформы, такие как Instagram, TikTok и Facebook, распространяются видеоролики, посты и инфографика, которые доступны для широкой аудитории, включая школьников и студентов. Это позволяет достучаться до молодежи в любой точке страны, предоставляя им информацию о вреде наркотиков и о том, как важно заботиться о своем физическом и психическом здоровье.
Проект «АнтинаркотикТок» активно сотрудничает с образовательными учреждениями, молодежными ресурсными центрами и органами власти, что создает комплексный подход в борьбе с наркозависимостью. Благодаря таким инициативам, как тренинги, публичные обсуждения и онлайн-акции, проект оказывает позитивное влияние на молодежь, вдохновляя их на здоровый образ жизни и формируя у них устойчивую позицию против наркотиков.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының жобасы аясында Жамбыл облыстық «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі «Тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына жол бермеу» атты жобаны жүзеге асыруда.
Жобаның мақсаты түрлі этнос өкілдері тығыз шоғырланған қала, ауылдарда кемсітушіліктің кез келген нысандарына жол бермеу, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру және консультация беру жұмыстарын жүргізу және әртүрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру.
Жоба аясында Тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына жол бермеуді насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасының тілдік және этникалық теңдікке байланысты заңдарын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары туралы арнайы роликтер сериясы түсірілді және «Taraz 24» телеарнасынан көрсетілімі өтті.
2024 жылғы 25 сәуірде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мен қазақ тілі уақыт өте келе этносаралық қатынас тіліне айналатынына сенімдімін. Біз біртіндеп осыған келе жатырмыз. Бүгін біз өз бетінше қазақ тілін жетік меңгеріп, оны қоғамда кеңінен насихаттап жүрген азаматтарды марапаттаймыз. Бұл өте пайдалы әрі саяси тұрғыдан маңызды жұмыс деп ойлаймын.» деп атап өткен болатын. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы «Тәуелсіздік бәрінен де қымбат» атты мақаласында: «Бүгінде мемлекеттік тілді білетін қазақтың да, өзге этнос өкілдерінің де үлесі едәуір артты. Қазақ тілін, шын мәнінде, бүкіл халқымызды біріктіруші факторға айналдырудың барлық құқықтық тәсілдері және кепілдіктері қалыптасты», - деді.
Демек, Қазақстан халқының бірлігін бекемдеп, қоғамдық келісімді нығайта түсетін бірден бір фактор ол – мемлекеттік тіл.
Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, бейнероликтердің түсіріліміне қатысатын этнос өкілдерінің барлығы бір тілде, мемлекеттік тілде сөйледі.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің «Халықаралық ынтымақтастық саласындағы азаматтық бастамаларды қолдау (ТМД елдері алаңына)» бағыты бойынша «Қазақстандық азаматтық қоғамның халықаралық қатысуын кеңейту» әлеуметтік жоба аясында «Жатарды тұрақты және әлеуметтік дамыту қоры» қоғамдық қорының қолдауымен С.Берікқожа Тәжікстан Республикасы, Душанбе қаласына ісапармен барып қайтты.
Іссапар аясында халықаралық концеренцияда баяндама оқып, өзінің тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болып, олардың жұмыстарын көрді. Екі жақсты меморандумдарға қол қойды. Алдағы уақытта екі ел арасында тәжірибелер мен ақпараттар алмасу жолдары қарастырылды.



ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ РӨЛІ
Әлеуметтік қызметтер - бұл белгілі бір топтарға қолдау мен көмек көрсетуге арналған, әдетте мыналарды қамтитын мемлекеттік қызметтер жиынтығы қолайсыз. Оларды жеке тұлғалар, жеке және тәуелсіз ұйымдар ұсына алады немесе мемлекеттік орган басқара алады. Әлеуметтік қызметтер әл-ауқат ұғымымен және байланысты әлеуметтік мемлекет, үлкен әл-ауқат бағдарламалары бар елдер көбінесе әлеуметтік қызметтердің кең спектрін ұсынады. Әлеуметтік қызметтер қоғамның кең ауқымды қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолданылады. Индустрияландыруға дейін әлеуметтік қызметтерді көрсету көбінесе жеке ұйымдар мен қайырымдылық ұйымдарымен шектелді, оның қамту аясы да шектеулі болды. Қазір әлеуметтік қызметтер бүкіл әлемде қоғамның «қажетті функциясы» және үкіметтер қоғамдық мәселелерді шеше алатын механизм ретінде қарастырылады.
Үкіметтердің әлеуметтік қызметтерді көрсетуі мыналарға сенумен байланысты жалпыға бірдей адам құқықтары, демократиялық принциптер, сондай-ақ діни және мәдени құндылықтар.[5] Әлеуметтік қызметтердің қол жетімділігі мен қамтылуы қоғамдарда айтарлықтай өзгеріп отырады. Әлеуметтік қызметтер көрсетілетін негізгі топтарға мыналар жатады: отбасылар, балалар, жастар, ақсақалдар, әйелдер, науқастар мен мүгедектер. Әлеуметтік қызметтер халыққа білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, инфрақұрылым, пошта, кітапханалар, әлеуметтік жұмыс сияқты қызметтер мен қызметтерден тұрады, азық-түлік банктері, жалпыға бірдей денсаулық сақтау, полиция, өртке қарсы қызметтер, қоғамдық көлік және мемлекеттік тұрғын үй.
Міне осы мәселер бойынша 2024 жылдың 18 қараша күні Тәжікстан Республикасы, Душанбе қаласында «Формирование компетенции социальных работникаов, отвечающие современным вызовам» тақырыбында ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияға Қазақстан, Қырғыстан, Өзбекстан және Тәжікстан Республикаларының осы саладаға мамандары қытысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Конференция барысында әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесін көтеру, білім алу мүмкіндіктерін кеңейту және олардың жұмыстарын одан әрі дамыту жолдары талқыланды. Қатысушылар өз тәжірибесімен, атқарып жатқан жұмыстарымен де бөлісті.
Соымен қатар, конференцияға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің «Халықаралық ынтымақтастық саласындағы азаматтық бастамаларды қолдау (ТМД елдері алаңына)» бағыты бойынша «Қазақстандық азаматтық қоғамның халықаралық қатысуын кеңейту» әлеуметтік жоба аясында «Жатарды тұрақты және әлеуметтік дамыту қоры» қоғамдық қорының қолдауымен С.Берікқожа қатысып, өзінің жобасы бойынша секциялық бөлімде баяндама оқыды.
С.Берікқожа білім беру жасалында ауылдық аймақтардағы мектептерді қолдау, дамыту тақырыбында ой бөлісіп, пікір алмасты.

25 Маусым 2025
63