"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Саясат / Талдықорғанда «Біз есірткіге қарсымыз!» облыстық форумы өтті

Талдықорғанда «Біз есірткіге қарсымыз!» облыстық форумы өтті

Талдықорғанда «Біз есірткіге қарсымыз!» облыстық форумы өтті

 

2025 жылғы 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне орай Талдықорған қаласында «Біз есірткіге қарсымыз!» атты кең ауқымды облыстық акция өтті. Шараны Жетісу облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық Полиция департаменті, Прокуратура және қоғамдық ұйымдар бірлесіп ұйымдастырды.

Күні бойы өткізілген іс-шаралар легі таңертеңгі форумнан басталып, түнгі гала-концертпен аяқталды.

Іс-шара аясында есірткіге қарсы қоғамдық жұмысқа белсенді атсалысқан журналистер, еріктілер және қоғам белсенділері марапатталды. Ақшалай сыйлықтар мен дипломдар табысталды. Сонымен қатар, полицияның арнайы жасағы мен кинолог қызметкерлері көрсетілімдер ұйымдастырып, қонақтарға ерекше әсер сыйлады.

 

Кешті облыс және қала өнерпаздарының қатысуымен өткен мерекелік концерт қорытындылады. Музыка, би және патриоттық әндер арқылы жастарға оң бағыттағы үлгі ұсынылды.

 

 

 

 

joomla 3.5