Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Қоғам

Қоғам

«Азаматтық алаң»

         Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қолдауымен, «Жаңа-ру» жастар коалициясының қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» жобасын насихаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбында әлеуметтік жобаның аясында Т.Рысқұлов ауданыңда іс-шаралар кешені жүргізілді.

 Аталмыш жоба аясында 2022жылдың шілде айының 15 жұлдызында «Азаматтық алаң» тақырыбында  семинар өткізілді. Семинарға белсенді жастар қатысты. Жастар өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарын еркін жеткізді.

 

 

      Мектеп оқушыларымен семинар

   Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қолдауымен, «Жаңа-ру» жастар коалициясының қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» жобасын насихаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбында әлеуметтік жобаның аясында Т.Рысқұлов ауданыңда іс-шаралар кешені жүргізілді.

 Аталмыш жоба аясында 2022 жылдың қазан айының 19 жұлдызында оқушылармен семинар өткізілді.Семинарға мектеп оқушылары қатысты.

 

 

Буккроссинг форматында кездесу

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қолдауымен, «Жаңа-ру» жастар коалициясының қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» жобасын насихаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбында әлеуметтік жобаның аясында Т.Рысқұлов ауданыңда іс-шаралар кешені жүргізілді.

 Аталмыш жоба аясында 2022жылдың қазан айының 9 жұлдызында Буккроссинг форматында кездесу өткізілді. Кездесуге аудан жастары белсене қатысты.

 

«Жастар таза қала үшін» атты сенбілік

Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Экологиялық ағарту және насихаттау шараларды жүргізу» тақырыбындағы әлеуметтік жобасы аясында «Жаңа-ру» жастар коалициясы заңды тұлғалалар бірлестігінің ұйымдастыруымен Тараз қаласында Тараз қаласының жастарын, студенттерін, жоғары сынып оқушыларын тарта отырып, саябақтар мен скверлерді абаттандыру, тазалық жұмыстары жүргізілді.

Сенбілікке қаламыздағы студенттермен  еріктілер тартылды. Сенбілік барысында қоғамдық орындар, саябақтар, оқу орындарының аулалары тазаланды. Сенбілік әр қатысушының алдымен өз ауласын тазалаумен басталып, жастардың қаламыздың келбетіне, тазалығына бей-жәй қарамайтындығын дәлелдеп өтті. Сенбілік барысында жастардың бірліктерінің арқасында аз уақыттын ішінде бірнеше үйдің ауласымен арықтары, оқу орнының алаңы қоқыстан тазартылып, қаламызға кішкене болсын әрлене түсті.

Сенбілік бұл бір реттік шара емес тұрақты түрде күзгі тазалық маусымында жалғасатын жұмыс. Жастарымыз алдағы уақыттада қала тазалығына баса назар аударып сенбіліктерге белсенді қатысады деп сенеміз.

Қала тазалығы қаланың кез-келген тұрғынының міндеті екендігін естерімізден шығармағанымыз жөн.

 

Мемлекеттік тілді дәріптеу

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қолдауымен, «Жаңа-ру» жастар коалициясының қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» жобасын насихаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбында әлеуметтік жобаның аясында Т.Рысқұлов ауданыңда іс-шаралар кешені жүргізілді.

 Аталмыш жоба аясында 2022жылдың қыркүйек айының 29 жұлдызында Мемлекеттік тілді дәрәптеу мақсатында, мектеп оқушыларымен тірбие сағаты өткізілді. Балалармен тілдің құдіретін түсіндіру үшін, қызықты ойындар ойнатылды.

 

 

"Birgemiz:Taza Alem" экология мен қоршаған орта саласындағы волонтерлік қызметті дамыту бағыты бойынша облыстық Жастар ресурстық орталығы волонтерлері "Sanaly Urpaq" жобасының бірінші бөлімін жүзеге асырды.

  Жоба аясында волонтерлер "АЮ" балабақшасының балақайларымен кездесті. Балақайларға қоқыс туралы, қоқысты сұрыптау туралы презентация түсіндіріліп, "Лабиринт" ойыны ойнатылды. Бірінші бөлім қорытындысы ретінде балақайлар экологиялық мәдениет тақырыбы бойынша суреттер бояп, бір сергіп алды.

  Жалпы жоба маңызы балаларға қоқысты сұрыптау мен таза қоршаған ортаның алғышарттарын түсіндіру болып табылады.

"Birgemiz:Taza Alem" экология мен қоршаған орта саласындағы волонтерлік қызметті дамыту жалпыұлттық жобасы аясында "Sanaly Urpaq" жобасын жеңіп алдық.

   "Sanaly Urpaq" жобасы еліміздің болашағы балаларды қоршаған ортаны таза ұстауға және экологиялық мәселелерді шешуге үйрету, қоқыс және оны сұрыптаудың маңызын түсіндіру мақсатында жүзеге асады.
    
Жоба нәтиежесінде әлемді алаңдатқан экологиялық проблемалардың бастамашысы болған қоқыс мәселесін шешу үшін балалар қоқыс сұрыптаудың маңызды екенін түсінеді,сонымен қатар практика жүзінде үйренетін болады.

Шағын грант "Birgemiz:Taza Alem" жалпыұлттық жобасы шеңберінде, республикалық деңгейде "азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ мемлекеттік гранты шеңберінде жүзеге асырылады.

 

"Birgemiz:Taza Alem" экология мен қоршаған орта саласындағы волонтерлік қызметті дамыту жалпыұлттық жобасы аясында "ECO КАРТА " жобасы өз жұмысын бастамақ

    Жоба басты мақсаты қаламыздың аса қатты ластанған жерлерін картаға түсіру және сол жерлерді тазарту. Осы арқылы қала тұрғындарына экологиялық проблемаларды түсіндіру болып табылады.

    Жобамыздың соңында қаламызды қоқыстардан тазартып қоймай, жобаға қатысушылардың бойында экологиялық сананы, жауапкершілікті және мәдениетті қалыптастыратын нәтиежелерді күтеміз.

Үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу

 

Жамбыл облысы Сарысу ауданында үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесуге аудандағыақсақалдар қауымдастығының мүшелері, зиялы қауым өкілдері, қоғамдық бірлестіктер басшылары, қоғам белсенділері барша азаматтық сектор өкілдері жиналды. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Ермағанбетов арнайы қатысып, қоғам белсенділерінің сұрақтарына жауап беріп ұсыныстарын қабыл алды.

Кездесуге үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бойынша тәжірибелі маман, республикалық әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүргізіп жүрген Асхат Олжабай «Әлеуметтік маңызы бар жобалармен жұмыс жүргізу» тақырында өз презентациясын түсіндірп өтті. Сонымен қатар қатысушылардың сұрақтарына толық әрі нақты түсіндіре отыра жауап беріп өтті.

Кездесу Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен «Жаңа-ру» жастар коалициясы заңды тұлғалалар бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілді.

 

 

Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 14 жұлдызындаЖуалы ауданы Б.Момышұлы ауылдық округінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік» тақырыбында кешенді іс-шара өткізілі. Шараға № 29 орта мектеп оқушылары қатысты. Оқушылар спикердің айтқаның мұқият тыңдап, өз пікірлерін білдірді

Страница 16 из 18