Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Новости

Новости

Жамбыл облысы әкімдгінің жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында «Мектепаралық лига» жайдарман командалары арасында «Интеллектуалды куиз ойындары» өткізілді!

Қатысушы топтар арасынан III орын - «Октябрский» командасына, II орын - «ND» командасына және I орын - «Салтанаттың жігіттері» командасына бұйырды!

"Жайдарлы" Жастар КВН лигасы ЖҚБ

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша Жамбыл облысы әкімінің кубогы үшін «Әулие-ата» Жоғары лигасының үлкен финалдық сайыстарының жеңімпаздары анықталды!
Жүлделі III орын - Тараз қаласының «Medium» командасына (200 000 теңгелік сертификат), II орын - Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының «ОЮ» командасына (300 000 теңгелік сертификат) және I орын - Тараз қаласының «Әдеби жігіттер» командасына (400 000 теңгелік сертификат) тиесілі болды! Сонымен бірге «Үздік ойыншы» номинациясымен - «ОЮ» командасының капитаны - Айназ Адамбаева атанып, 100 000 теңгелік сертификатпен марапатталды!

 

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша Жамбыл облысы әкімінің кубогы үшін «Әулие-ата» Жоғары лигасының кіші финалдық сайыстарының жеңімпаздары анықталды!

Жүлделі III орын - Дулати университетінің «Қарасаз» командасына, II орын - Тараздық «Престиж» командасына және I орын - Меркі ауданының «Меркістан» командасына тиесілі болды! Сонымен бірге «Үздік ойыншы» номинациясымен - «Меркістан» командасының ойыншысы - Эргаш Ислам марапатталды!

«Меркістан» командасы Елордада болатын Республикалық маусымашар ойындарына 100 000 теңгелік сертификат жеңіп алды!

 "Жайдарлы" Жастар КВН лигасы ЖҚБ

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша 24 қараша күні Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы М.Өзбеков атындағы мәдениет үйінде - Жайдарман Жамбыл облыстық «Номад» Премьер лигасының финалдық ойыны өткізілді.

Нәтижесінде, маусымның «Үздік ойыншысы» номинациясымен Аказаки командасының ойыншысы Қапышев Темірлан 50 000 теңгелік сертификатпен мараматталды.
Жүлделі 3 орынды Теханғо және Шерхан жастары командалары иеленіп, 100 000 теңгелік сертификат, 2 орынды Метеорит командасы иеленіп, 200 000 теңгелік сертификат және 1 орын Бренд командасы 250 000 теңгелік сертификаттармен марапатталды.

"Жайдарлы" Жастар КВН лигасы ЖҚБ

 

1 қараша күні Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша, Баласағұн орталық концерт залында «Мектепаралық лига Маусымашар 2023» ойыны өткізілді.

20-дан аса командада іріктеліп Маусымашар ойынында 11 команда бақ сынады. Нәтижесінде Жүлделі 3 орын - №56 мектеп "Құмшағал жастары” командасына бұйырып, 50 000 теңгелік сертификатпен марапатталды. 2 орынды - “Келешек Тараз” интеллектуалды мектебі иеленіп, 100 000 теңгелік серификатпен марапатталды. 1 орын - №30 мектеп “Салтанаттың жігіттері” командасына бұйырып, 150 000 теңгелік сертификатқа ие болды. Үздік ойыншы - №55 мектеп, Шөлдала командасының ойыншысы Ергешов Нұрпейіс атанды.

 "Жайдарлы" Жастар КВН лигасы ЖҚБ