"Sanaly Urpaq" жобасының бірінші бөлімін жүзеге асырылуда
"Birgemiz:Taza Alem" экология мен қоршаған орта саласындағы волонтерлік қызметті дамыту бағыты бойынша облыстық Жастар ресурстық орталығы волонтерлері "Sanaly Urpaq" жобасының бірінші бөлімін жүзеге асырды.
Жоба аясында волонтерлер "АЮ" балабақшасының балақайларымен кездесті. Балақайларға қоқыс туралы, қоқысты сұрыптау туралы презентация түсіндіріліп, "Лабиринт" ойыны ойнатылды. Бірінші бөлім қорытындысы ретінде балақайлар экологиялық мәдениет тақырыбы бойынша суреттер бояп, бір сергіп алды.
Жалпы жоба маңызы балаларға қоқысты сұрыптау мен таза қоршаған ортаның алғышарттарын түсіндіру болып табылады.