«Тіл үйренудегі тиімді тәсілдер» тақырыбында қазақ тілін жетіп меңгеріп, әр түрлі салада жетістікке жеткен өзге ұлт өкілдерімен кездесу, пікір алмасу, ұйымдастырылды
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының жобасы аясында Жамбыл облыстық «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі «Тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына жол бермеу» атты жобаны жүзеге асыруда.
Жобаның мақсаты түрлі этнос өкілдері тығыз шоғырланған қала, ауылдарда кемсітушіліктің кез келген нысандарына жол бермеу, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру және консультация беру жұмыстарын жүргізу және әртүрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру.
Тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына жол бермеу негізінде «Тіл үйренудегі тиімді тәсілдер» тақырыбында қазақ тілін жетіп меңгеріп, әр түрлі салада жетістікке жеткен өзге ұлт өкілдерімен кездесу, пікір алмасу, ұйымдастыру бағыты аясында Түркістан облысының 5 елді-мекенінде Мақтарал ауд. Мырзакент ауылдық округі, Жетісай ауд. Жаңаауыл, Жылысу ауылдық округтері мен Сарыағаш, Келес аудандарында іс-шара өткізілді.
Жамбыл облысының 5 елді-мекенінде Жамбыл ауданы Гродикова, Қызылқайнар ауылдық округтері мен Қордай ауданы Сарыбұлақ, Қайнар, Степной ауылдық округтері іс-шара өткізілді.
Шымкент қаласында 5 ауданында Абай, Аль-Фараби, Еңбекші, Қаратау, Тұран аудандарында іс-шара өткізілді.
Алматы облысының Талғар ауданының 2 ауылында, Қонаев қаласында, Іле аудандарында өтті.
Бұл ретте, Жамбыл обл. әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының «Тірдерді оқыту орталығының» бөлім басшысы Шынар Бақытбек пен Бимаханбет Бибіжар Ержанқызының тақырып аясында лекция мен пікір алмасу өткізді.
Барлығы 5 өңірде 25 іс-шар ұйымдастырылды.