"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Саясат / Тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына жол бермеу негізінде «Туған жердің төсінде» атты интеллектуалды квест ойындары өтті

Тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына жол бермеу негізінде «Туған жердің төсінде» атты интеллектуалды квест ойындары өтті

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының жобасы аясында Жамбыл облыстық «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі «Тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына жол бермеу» атты жобаны жүзеге асыруда.

2024 жылғы 16 қарашада этнос өкілдері арасында ауызбіршілік пен достық қарым-қатынасты насихаттауға арналған интеллектуалды өңіраралық «Туған жердің төсінде» атты  квест ойындарын өтті.

          Өңіраралық квест ойындарына Жамбыл, Алматы, Түркістан облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларынан 10 команда қатысты. Әр команда құрамында ережеге сәйкес 5 этнос өкілдері болды.

          Квест ойындары «Достық үйі» Қоғамдық келісім мекемесі, Ш.Уалиханов атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасы, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің ғимараттарында өтті.

          Әр бекітілген орынға бару үшін түрлі логикалық тапсырмалар мен интеллектуалды сұрақтар қойылды. Әр орында қатысушы командаларды волонтерлер мен қызметкерлер күтіп алып, тимбилдинг ойындарын ойнатып, Қазақ халқының тарихы, Тараз қаласының тарихы, әдебиет, спорт, кино және тағы басқа салаларды қамтыған түрлі форматты тапсмырмаларды берді.

          3 кезеңнен тұратын квест ойындары қорытындысы бойынша І орынды Жамбыл облысынан «Жастар рухы келешегі» командасы (500 мың тг), ІІ орынды Түркістан облысынан «Friends House», Алматы қаласынан «ПТК» командалары (300 мың тг), ІІІ орынды Шымкент қаласынан «МТС» және Жамбыл облысынан «Ассамблея жастары» командалары (200 мың тг) иеленді.

          Ал, интеллектуалды ойынға белсенді қатысып, ерекше көзге түскені үшін «Ой шебері» номинациясын Шымкент қаласынан құралған «Қаһарман» командасы алса, ал, «Көрермен көзайымы» номинациясын Алматы облысынан «Болашақ» командасы, «Үздік талпыныс» номинациясын Алматы қаласынан «ТИПЕП» командасы, «Үздік команда» номинациясын Алматы облысынан «Бірлік» командасы  ие болып, 100 мың теңгеден ынталандыру сыйақылары берілді.

          Сонымен қатар, барлық командаларға ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттар табысталды.

joomla 3.5