"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Саясат / Еңбек ұжымдарында тілдік және этникалық кемсітушілік фактілеріне жол бермеу бойынша семинар – тренингтер өтті

Еңбек ұжымдарында тілдік және этникалық кемсітушілік фактілеріне жол бермеу бойынша семинар – тренингтер өтті

        

          ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының жобасы аясында Жамбыл облыстық «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі «Тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына жол бермеу» атты жобаны жүзеге асыруда.

          Жобаның мақсаты түрлі этнос өкілдері тығыз шоғырланған қала, ауылдарда кемсітушіліктің кез келген нысандарына жол бермеу, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру және консультация беру жұмыстарын жүргізу және әртүрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру.

          2024 жылы Жамбыл, Алматы, Түркістан облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларында Еңбек ұжымдарында тілдік және этникалық кемсітушілік фактілеріне жол бермеу бойынша семинар – тренингтер өтті.

         Тренингтер Түркістан облысының Сайрам ауданында  А.Навои мектебі, «Арт бойлерс» ЖШС, «Көрікті Сайрам» ЖШС, «Оқу өндірістік комбинаты» КММ мен «Жастар ресурстық орталығы» ұжымдарында, Жамбыл облысының Жамбыл ауданы, Полатқосшы, Гродикова ауылдары мен Қордай ауданы,  Бұлар батыр, Ауқатты, Қарасу ауылдық округтерінің еңбек ұжымдарында, Шымкент қаласының, «Өзбек» драма театры, Жоғары медицина колледжі, «SD Shym» ЖШС, Қаратау ауданының әкімдік қызметкерлеріне ұйымдастырылды.

        Әр өңірдің 5 ауданында 25 тренингті Тараз өңірлік университеті, «Әлеуметтік психология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ш.Тұрдалиева өткізді.

       Өткізілген іс-шаралар бойынша қамту деңгейі 625 адамды құрай отырып, қатысушылардың қанағаттану деңгейінің көрсеткішті 86,3 % көрсетті.

 

 

joomla 3.5