"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / «Мектепке апарар жол» акциясы

«Мектепке апарар жол» акциясы

«Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту мақсатында іс-шараларды жүргізу» тақырыбындағы әлеуметтік жобаның аясында «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен Байзақ ауданында ауқымды іс-шаралар кешені жүргізілді.

Аталмыш жоба аясында 2022 жылдың 21 қыркүйегінде Байқаз ауданында Түймекент ауылындағы Ғазиз Байтасов атындағы тірек мектебімен бірлесе “Халық аралық балаларды қорғау” күніне орай «Мектепке апарар жол» акциясын өткізді. Акция аясында мектепке баратын бүлдіршіндерге оқуға қажетті барлық керек жабдықтармен қамтамасыз етті. Акцияның мақсаты  жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларды қолдау.

 

joomla 3.5