«Сыбайлас жемқорлықты жалпыға ортақ қабылдамауды қалыптастырудағы руханилық және адамгершілік» тақырыбында дөңгелек үстел
«Сыбайлас жемқорлықты жалпыға ортақ қабылдамауды қалыптастырудағы руханилық және адамгершілік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізу
"Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру аттыәлеуметтік жобасының аясында «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен Жуалы ауданында жергілікті халық арасындағы білім беру мекемелерінде оқитын және жұмыс жасайтын адамдармен кездесулер өткізілді. Жергілікті халыққа бірлікте, татулықта бірізділікте болу керек екендігі түсіндіріліп, өздерін сабақ беретін және жалпы ұстаздармен үлкендердің сөздерін тыңдау қажеттілігі қатаң түсіндіріліп өтілді.
Аталмыш іс-шаралары кешені ағымдағы 2022 жылдың 14 қыркүйегінде Бауыржан момышұлы аулының «СOWORKING» орталығында «Сыбайлас жемқорлықты жалпыға ортақ қабылдамау – бірлік пен тұрақтылықтың кепілі» кездесу өткізілді. Кездесуге арнайы басты спикер ретінде Жамбыл облыстық Рухани-Жаңғыру жобалық офисінің замы Өмірбеков Данияр Маратұлы шақырылған болатын.
Кездесу соңында қатысушылар спикерге қалаған қызықтыратын сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті. Және әр кездесу соңында жалпы өту барысының деңгейі бойынша кері байланыс алынып отырды.