Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар кешені
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу
"Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру аттыәлеуметтік жобасының аясында «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен Жуалы ауданында жергілікті халық арасындағы білім беру мекемелерінде оқитын және жұмыс жасайтын адамдармен кездесулер өткізілді. Жергілікті халыққа бірлікте, татулықта бірізділікте болу керек екендігі түсіндіріліп, өздерін сабақ беретін және жалпы ұстаздармен үлкендердің сөздерін тыңдау қажеттілігі қатаң түсіндіріліп өтілді.
Аталмыш іс-шаралары кешені ағымдағы 2022 жылдың 10-15 қыркүйек аралығында 5 түрлі мектептерде кездесулер болып өтті. Атап айтқанда Ақбастау ауылы №16 кәсіптік колледж, Бауыржан момышұлы ауылы №1 Шерхан Мұртаза мектеп-гимназиясы, №19 Д.Қонаев мектеп-гимназиясы, №29 орта мектебі, Қарасаз ауылы А.С.Пушкин орта мектебі. Кездесулердің легінде басты спикер ретінде Жамбыл облыстық Рухани-Жаңғыру жобалық офисінің замы Өмірбеков Данияр Маратұлы шақырылған болатын.
Кездесу соңында қатысушылар спикерге қалаған қызықтыратын сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті. Және әр кездесу соңында жалпы өту барысының деңгейі бойынша кері байланыс алынып отырды.