"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / Облыстағы діни ахуалға зерттеу жүргізілмек.

Облыстағы діни ахуалға зерттеу жүргізілмек.

  «KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қоры Жамбыл облысы әкімдігің Дін проблемаларын зерттеу орталығының «Жамбыл облысының діни ахуалын зерттеу» тақырынбадағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Жобаның мақсаты арнайы мамандарды тарта отырып халық арасында сауалнама жүргізу арқылы Жамбыл облысындағы діни ахуалға зерттеу жүргізу. Жоба аясында бірінші кезекте зиялы қауым өкілдерінен және азаматтық қоғам өкілдерінен тұратын фокус топ құрылып, облыстағы діни ахуалға шолу жасап, өзекті мәселелерін анықталады. Екінші кезекте діни ахуалға баға бере алатын зиялы қауым, дінтану, әлеуметтану, саясаттану, философия пәнінің оқытушылары, этно мәдени орталықтың өкілдері, БАҚ өкілдері және теолог мамандарынан эксперттік сауалнама алынады. Үшінші кезекте халық арасында 2000 респондеттен сауалнама алып облыстағы діни ахуалға зерттеу жүргізілетін болды. Облыс тұрғындарын аталған сауалнама шынайы жауап беруге шақырамыз.

  

joomla 3.5