"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / Отбасы институтын нығайту бойынша семинар тренинг өтті

Отбасы институтын нығайту бойынша семинар тренинг өтті

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Отбасы институты мен гендерлік саясатты нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын іске асыруда. Жоба аясында Т.Рысқұлов ауданы, Құлан агротехникалық колледжінде отбасы институтын нығайту бойынша семинар тренинг өтті. Семинар тренингтің басты мақсаты-отбасылық құндылықтарды қалыптастыру, отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынасты жақсарту.

          Семинар тренингті психолог-Марал Хантөреқызы жүргізді. Отбасы институтын нығайту – бұл жай ғана бір әлеуметтік міндет емес, бұл мемлекеттің тұрақтылығы мен ұрпақ болашағына бағытталған стратегиялық қадам. Бұл қадамға жету барысында отбасы – тұлға қалыптасуының негізі екені, адам баласы ең алғаш махаббатты, тәрбиені, жауапкершілікті, сенімді отбасынан үйренетіні, ата-ана–алғашқы тәрбиеші, баланың мінезі, көзқарасы, өмірге деген қарым-қатынасы отбасында қалыптасатындығы жайлы ата-аналардың сауаттануы. Егер отбасы институты әлсіз болса – бала рухани, моральдық жағынан толық қалыптаса алмайтындығы тілге тиек етіп айтылды. Отбасы – мемлекетті құрайтын ең кіші, бірақ ең маңызды әлеуметтік ұяшық болып, мықты отбасылардан ғана тұрақты қоғам және жауапты азаматтар шығатындығын семинар қатысушыларына түсіндірілді.

joomla 3.5