Т.Рысқұлов атындағы мектеп лицейінде отбасы институтын нығайту бойынша кездесу өткізілді
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Отбасы институтын нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында Т.Рысқұлов ауданы, . Тренингке 30-дан аса оқушылар мен мектеп ұжымы қатысты. Кездесуге Тараз қаласынан арнайы Жамбыл облыстық наториаттық палатасының атқарушы директоры, заңгер Өмірбеков Данияр шақырылды. Өмірбеков Данияр қатысушыларға отбасылық құқық, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, отбасындағы өзара сыйластық, жауапкершілік секілді маңызды тақырыптарда мазмұнды баяндама жасады.
Тренинг барысында оқушылар мен мұғалімдер маманға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі пайдалы жауаптар алды. Сонымен қатар, қатысушылар арасында шағын пікірталас ұйымдастырылып, отбасы құндылықтарына байланысты ой-пікірлер ортаға салынды.