Құлан мектеп-гимназиясында құқықтық-ағартушылық бағыттағы кездесу
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Отбасы институтын нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» жобасы аясында Құлан ауылындағы кезекті кездесу өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың отбасылық жауапкершілік, құқықтық сауаттылық және адами құндылықтар туралы түсінігін арттыру.
Кездесуде заңгер, Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының атқарушы директоры Өмірбеков Данияр оқушыларға отбасы ішіндегі заңдық қарым-қатынастар, ата-ана мен бала арасындағы құқықтар мен міндеттер жөнінде мазмұнды ақпарат ұсынды. Шараға мектеп ұжымы мен жоғары сынып оқушылары қатысты. Қатысушылар белсенділік танытып, маманға сұрақтарын қойып, өз көзқарастарын ортаға салды. Кездесу пікір алмасу мен тәжірибе бөлісу алаңына айналды. Іс-шара оқушылар мен ұстаздар тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, пайдалы әрі мазмұнды кездесу ретінде бағаланды.