"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / Отбасы құндылықтары

Отбасы құндылықтары

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Отбасы институтын нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында Т.Рысқұлов ауданы, Каменка ауылы,Б.Момышұлы атындағы мектебінде отбасы институтын нығайту бойынша кездесу өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында отбасы құндылықтарына деген көзқарасты қалыптастыру, отбасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту және құқықтық сауаттылықты арттыру болып табылады.

Кездесуге мектеп мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының атқарушы директоры, заңгер Өмірбеков Данияр қатысушыларға отбасы институтының маңыздылығы, ата-ана мен бала арасындағы құқықтық және моральдық жауапкершілік, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы отбасылық құндылықтар тақырыптарында мазмұнды баяндама жасады.

Сонымен қатар, кездесуде оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі түсінікті жауаптар беріліп, ашық пікір алмасу ұйымдастырылды. Қатысушылар кездесуден пайдалы ақпарат алып, отбасылық қарым-қатынас пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру жөнінде құнды мағлұматтарға қанықты.

joomla 3.5