"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / Пробация қызметінің есебіндегі азаматтармен психолог кездесу өткізді

Пробация қызметінің есебіндегі азаматтармен психолог кездесу өткізді

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі, Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің қолдауымен мемлекеттік әлеуметтік жобаны іске асыру мақсатында кезекті іс-шарасын Т. Рысқұлов ауданының полиция бөлімінде өткізді. Шараның негізгі мақсаты – пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға психологиялық және құқықтық қолдау көрсету арқылы олардың әлеуметтік бейімделуіне ықпал ету, қайта қылмыстық жағдайларға тап болмауы үшін профилактикалық жұмыстар жүргізу. Психолог Марал Хантөреқызы қатысушыларға күнделікті өмірдегі психологиялық қиындықтармен күресу, күйзеліске қарсы тұру жолдары, агрессияны басқару және қоғамда өзін еркін сезінуге көмектесетін дағдылар туралы терең әрі түсінікті ақпарат берді. Сонымен қатар, ол отбасы құндылықтарының маңызы мен адамның ішкі тұрақтылығының қоғаммен үйлесімді өмір сүруіндегі рөліне ерекше тоқталды.

Марал Хантөреқызы пробация қызметіндің есебіндегі азаматтарға әлеуметтік ортаға қайта бейімделуінде психологиялық қолдаудың ерекше маңызды екенін айта келе, өзін-өзі бағалау, эмоцияны басқару, ашық коммуникация дағдыларына байланысты практикалық жаттығулар жасатты. Шара қатысушылардың өмірге деген көзқарасын жаңғыртуға және оң мотивация беруге бағытталған нәтижелі кездесу болды. Қатысушылар спикердің кеңестерін пайдалы деп бағалап, алдағы уақытта осындай шаралардың жиі өтуіне қызығушылық танытты.

 

 

joomla 3.5