"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / Этностардың бейбіт және татулықта өмір сүруі – еліміздің басты байлығы

Этностардың бейбіт және татулықта өмір сүруі – еліміздің басты байлығы

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Аудан тұрғындары арасында этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға және насихаттауға бағытталған кездесулер, семинарлар, іс-шаралар ұйымдастыру» атты мемлекеттік әлеуметтік жобаны жүзеге асыруда. Аталған жоба аясында Луговой ауылындағы М. Горький атындағы орта мектепте маңызды кездесу өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында этносаралық келісім мен өзара сыйластық құндылықтарын насихаттау. Кездесудің арнайы қонағы – Тараз қалалық мәслихатының депутаты Азамат Лесбек болды. Ол өз сөзінде Қазақстанда түрлі этностардың бейбіт және татулықта өмір сүруі – еліміздің басты байлығы екенін атап өтті. Сонымен қатар, этносаралық келісімді сақтау әр азаматтың азаматтық парызы екендігін жеткізіп, толеранттылық пен өзара құрметтің қоғам дамуына оң ықпал ететінін ерекше атап өтті.

Кездесуге қатысқан оқушылар мен ұстаздар тарапынан белсенділік байқалды. Қатысушылар этносаралық қарым-қатынастардың құқықтық негіздеріне қатысты сұрақтар қойып, депутаттан нақты әрі пайдалы мәліметтер алды. Осындай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін арттырып, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға өз үлесін қосары сөзсіз.

joomla 3.5