"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / Ұлттық болмыс бейнесі

Ұлттық болмыс бейнесі

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің жастар арасында қазақстандық патриотизмді насихаттау, ұлттық құндылықтарды сақтау және жасөспірімдер мен жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда Жаңатұрмыс ауылындағы Қ.Сәтпаев атындағы орта мектепте кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараға Тараз қалалық мәслихатының депутаты Азамат Лесбек қатысып, жастарға ұлттық болмыс, туған жерге деген құрмет, және құқықтық жауапкершілік жайында мазмұнды сөз арнады. Спикер қоғамда орын алып жатқан жастар арасындағы кейбір келеңсіз жағдайлардың негізгі себебі – рухани құндылықтардан алыстау екенін айтып, бұл олқылықты жою үшін тәрбие мен патриоттық сезімді күшейту қажеттігін жеткізді. Кездесу ашық сұхбат форматында өтіп, оқушылардың белсенді қатысуымен жалғасты. Бұл шара олардың Отан алдындағы парызын терең сезінуге, ұлттық сана-сезімді ұлықтауға бағытталды.

joomla 3.5