"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / Құқықтық мәдениет және отбасылық жауапкершілік

Құқықтық мәдениет және отбасылық жауапкершілік

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында «Отбасы институтын нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда. Аталған жоба шеңберіндегі кездесу Луговой ауылындағы М. Горький атындағы орта мектебінде өткізілді. Іс-шараға мектептің жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдер қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты — жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, отбасы құндылықтарының мәнін терең түсіндіру, отбасындағы қарым-қатынастарды заң аясында реттеудің маңыздылығын насихаттау. Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының атқарушы директоры, заңгер Өмірбеков Данияр «Құқықтық мәдениет және отбасылық жауапкершілік» тақырыбында мазмұнды дәріс оқыды. Ол өз сөзінде отбасы ішіндегі құқықтар мен міндеттер, ата-аналар мен балалар арасындағы өзара сыйластық, құқықтық даулардың алдын алу, отбасылық қатынастарды реттеудегі заң нормаларына кеңінен тоқталды.

Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған құқықтық сипаттағы сұрақтарын қойып, нақты әрі кәсіби жауаптар алды. Сонымен қатар, спикер құқықтық сауаттылықты арттырудың маңызын түсіндіріп, отбасындағы дау-дамайлардың алдын алу жолдарын мысалдар арқылы түсіндірді. Шара соңында қатысушылар арасында шағын пікірталас ұйымдастырылып, отбасы, тәрбие және құқық тақырыптары төңірегінде өз ой-пікірлерімен бөлісті. Мұндай формат қатысушылардың белсенділігін арттырып, өз көзқарастарын еркін білдіруге мүмкіндік берді.

joomla 3.5