"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / Т. Рысқұлов ауданының Абай атындағы шағын орталықты орта мектебінде оқушылар мен ұстаздарға арналған кездесу өтті.

Т. Рысқұлов ауданының Абай атындағы шағын орталықты орта мектебінде оқушылар мен ұстаздарға арналған кездесу өтті.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі «Отбасы институтын нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында Т. Рысқұлов ауданының Абай атындағы шағын орталықты орта мектебінде оқушылар мен ұстаздарға арналған кездесу өтті.

Кездесуге арнайы Тараз қаласынан арнайы Жамбыл облыстық наториаттық палатасының атқарушы директоры, заңгер Өмірбеков Данияр шақырылды. Өмірбеков Данияр қатысушыларға отбасылық құқық, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, отбасындағы өзара сыйластық, жауапкершілік секілді маңызды тақырыптарда мазмұнды баяндама жасады.

Кездесу барысында оқушылар еркін форматта сұрақтар қойып, өмірлік мәні бар жауаптар алды. Спикер жасөспірімдердің ашықтығына ризашылығын білдіріп, әрқайсысына жеке мотивациялық кеңес айтты.

Шара соңында мектеп әкімшілігі мен оқушылар бұл кездесу жас ұрпақтың тұлғалық әрі психологиялық дамуына оң әсер еткенін айтып, алғыстарын білдірді.

 

joomla 3.5