Т. Рысқұлов ауданы М. Горький мектебінде өткен кезекті ақпараттық-заңдық түсіндіруге арналған кездесу
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Отбасы институтын нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. М. Горький мектебінде өткен кезекті ақпараттық-заңдық түсіндіруге арналды.
Кездесуге Тараз қаласынан арнайы Жамбыл облыстық наториаттық палатасының атқарушы директоры, заңгер Өмірбеков Данияр шақырылды. Өмірбеков Данияр қатысушыларға отбасылық құқық, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, отбасындағы өзара сыйластық, жауапкершілік секілді маңызды тақырыптарда мазмұнды баяндама жасады.
Іс-шара барысында қатысушылардан түскен сұрақтарға кәсіби әрі өмірмен ұштасқан жауаптар беріліп, кеңес түрінде ұсыныстар айтылды. Оқушылар кездесуден үлкен әсер алып, болашақта мұндай пайдалы кездесулердің жалғасуына ниет білдірді.