"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / Аналар форумы

Аналар форумы

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Отбасы институтын нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Ауданда отбасы күніне қарсы әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру, аналардың қоғамдағы бейнесін көрсету мақсатында ұйымдастырылған аналар форумы жоғары деңгейде өтті. Аталған іс-шараға әр салада қызмет атқарып жүрген ардақты аналар, ауылдық округтерден келген белсенді әйел азаматтар және жастар қатысты.

Іс-шара барысында отбасының ұйытқысы болып жүрген, ауданға еңбегі сіңген бірқатар аналар қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқаны үшін марапатталып, арнайы алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарға ие болды. Марапат иелерінің өмір жолдары жас ұрпаққа үлгі боларлықтай екені атап өтілді. Форумның негізгі мақсаты — ана рөлі арқылы отбасы құндылықтарын насихаттау, ұрпақ тәрбиесіндегі ананың маңызды орнын көрсету, әйелдердің қоғамдық белсенділігін арттыру болды. Шара барысында аналар отбасыдағы тәрбие, ұрпаққа үлгі болу, ұлттық құндылықтарды сақтау жөнінде өз ой-пікірлерін ортаға салып, жастарға өмірлік бағыт-бағдар беретін ақыл-кеңестер айтты. Аудандық филармония өнерпаздарының өнерін тамашалап, тұжырымды ой қалыптастырған форум көпшіліктің көңілінен шықты.

joomla 3.5