Радикалды діни көзқарастың жеке тұлға мен қоғамға кері әсері
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы иммунитетті қалыптастыру және алдын-алу» атты мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында Жамбыл ауылында «Радикалды діни көзқарастың жеке тұлға мен қоғамға кері әсері» атты ақпараттық кездесу ұйымдастырды.
Іс-шара ауылдық мектептің акт залында өтті. Кездесуге ауыл тұрғындары, жастар және мектеп ұжымы қатысты. Шараның мақсаты — діни фанатизмнің зиянын ашып көрсету, радикалды ағымдардың алдын алу және жастардың діни сауаттылығын арттыру. Шақырылған спикер — “Абдықадыр” мешітінің бас имамы Құттыбаев Дәурен радикалды көзқарастың қалай қалыптасатыны, оның салдары және оған қарсы күрес жолдары туралы кең көлемде баяндама жасады. Имам өз сөзінде Қазақстанда діни сенім бостандығы болғанымен, бұл бостандықты теріс мақсатта пайдалануға жол берілмеуі керектігін, әсіресе жастар арасында идеологиялық тұрақтылықтың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, ата-аналар мен ұстаздардың бұл бағыттағы жауапкершілігіне де тоқталып өтті.
Семинар аясында дәстүрлі емес ағымдардың әлеуметтік желі мен интернет арқылы жастарды арбау тәсілдері түсіндірілді. Шара соңында қатысушылармен еркін пікір алмасу ұйымдастырылып, сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар берілді. Іс-шара жастардың діни санасын қалыптастыруда, рухани тұрақтылықты нығайтуда және ұлттық құндылықтарды дәріптеуде маңызға ие болды.

31 Шілде 2025
21
25 Қараша 2024