«Жастар санасын деструктивті діни идеологиядан қорғау»
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің қолдауымен жүзеге асып жатқан мемлекеттік әлеуметтік жоба аясында Мыңарал ауылында «Жастар санасын деструктивті діни идеологиядан қорғау» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шара ауылдық мәдениет үйінде өтті. Кездесуге ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары, ұстаздар мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Шараның мақсаты — жастар арасында діни сауаттылықты арттырып, дәстүрлі емес ағымдардың ықпалынан қорғау. Шақырылған спикер – Жамбыл облысы әкімдігі дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы, тәжірибелі теолог Қырықбай Саян Батырұлы.
Өз сөзінде теолог қазіргі қоғамда дәстүрлі дін мен деструктивті діни ағымдардың аражігін ажырату аса маңызды екенін атап өтті. Ол жастарға деструктивті топтардың тарту әдістерін, олардың идеологиялық қателіктерін, сондай-ақ ұлттық рухани қауіпсіздік мәселелерін жан-жақты түсіндірді. Семинар барысында нақты мысалдар келтіріліп, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары туралы айтылды. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алды. Шара деструктивті діни ағымдардың таралуын тежеуге, жастарды рухани тұрғыдан қолдауға және діни сауаттылықты арттыруға бағытталған тиімді іс-шаралардың бірі болды.

01 Қазан 2025
18
25 Қараша 2024