Күшаман ауылында кездесу өтті
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Отбасы институтын нығайту, отбасылық құндылықтарды насихаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда.
Осы жоба аясында Мойынқұм ауданы, Күшаман ауылында «Отбасы құндылықтары» атты тақырыпта конференция ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның мақсаты – қоғамдағы отбасы институтының маңызын арттыру, ұрпақ тәрбиесіндегі ата-ана рөлін талқылау және қатысушылар арасында отбасы құндылықтарына деген көзқарасты қалыптастыру болды. Конференцияға ауыл тұрғындары, мектеп ұжымы, жастар мен ауылдың белсенді азаматтары қатысты. Шара барысында арнайы шақырылған қонақ – Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының атқарушы директоры, заңгер Өмірбеков Данияр Маратұлы отбасы мен құқықтық мәдениет, ата-ана мен бала арасындағы заңдық жауапкершілік, отбасындағы өзара сыйластық пен түсіністік тақырыптарында мазмұнды баяндама жасады. Спикер өз сөзінде отбасылық құндылықтарды сақтау мен қорғаудың құқықтық тетіктерін түсіндіріп, тұрмыстық қатынастарда жиі кездесетін құқықтық мәселелер мен олардың шешу жолдарына тоқталды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі жан-жақты жауаптар беріліп, тәжірибелік кеңестер ұсынылды. Іс-шара барысында қатысушыларға отбасы құндылықтары туралы арнайы дайындалған таратпа материалдары таратылды.
Конференция соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, мұндай мазмұнды кездесулердің отбасылық тәрбиеде, құқықтық сауаттылықты арттыруда маңызы зор екенін атап өтті.

18 Қыркүйек 2025
24
25 Қараша 2024