"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / “Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз”

“Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз”

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Аудан тұрғындары арасында нашақорлықтың және есірткі бизнесін алдын алуға бағытталған кешенді іс-шаралар” мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында Ұланбел ауылында өткізілген “Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз” атты семинар-тренинг жобаның аясындағы маңызды іс-шаралардың бірі болды. Бұл жиынға ауыл жастары, оқушылар, ата-аналар қатысты.

Семинарды жүргізген — психолог Марал Хантөреқызы. Ол жастармен емін-еркін форматта пікір алмасып, салауатты өмір салтын ұстанудың артықшылықтары, психологиялық әлсіздік пен тәуелділіктен сақтанудың жолдарын түсіндірді. Психолог қатысушыларды топтарға бөліп, тренингтік жаттығулар арқылы олардың ішкі мотивациясын, өзін-өзі бағалау деңгейін анықтады. Өз-өзіне сенімді, салауатты өмір салтын таңдаған жастардың қоғамдағы рөлі туралы әңгімелер айтылып, қатысушылармен бірге “Менің болашағым қандай болмақ?” тақырыбында ой талқы өткізілді.

Шара соңында жастар өз армандары мен мақсаттарын айтып, өмірдің құндылығын терең түсінгендерін білдірді. Семинар олардың бойында оң көзқарас қалыптастыруға, ішкі сенімділікті арттыруға сеп болды.

joomla 3.5