Ойынқұмарлық аздырады
Жобаның келесі кезеңі Айдарлы ауылындағы №2 орта мектепте өткізілген “Ойынқұмарлық аздырады” атты шеберлік-класс түрінде жалғасын тапты. Шара оқушыларға арналған және олардың санасына теріс әрекеттердің зиянын сіңіру мақсатында құрылды. Спикер — заңгер Өмірбеков Данияр Маратұлы бұл жолы оқушылармен ашық және жеңіл форматта жұмыс жүргізіп, ойын түрінде тренинг ұйымдастырды. Ол ойынқұмарлықтың психологиялық салдары, әлеуметтік байланыстарға әсері және құқықтық тұрғыдағы жауапкершіліктер туралы айтты. Мектеп оқушыларына арналған тренингте жастарға арналған “ойынға тәуелді болмаудың жолдары”, “интернеттегі қауіптерден қорғану тәсілдері” сынды тақырыптар қамтылды. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, шынайы өмірден мысалдар келтіріп, пікір алмасты.
Шара соңында қатысушылар “Бос уақытты тиімді пайдалану жолдары” тақырыбында ой қозғап, өмірлік құндылықтарды бағалауға арналған психологиялық әдістермен танысты. Бұл форматтағы шеберлік-класс жастарға ой салатын, бағыт беретін, саналы таңдау жасауға үйрететін маңызды шара болды.

22 Қыркүйек 2025
24
25 Қараша 2024