“Құмарлық түбі” атты кездесу
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің аудан көлемінде жүзеге асырылып жатқан “Аудан тұрғындары арасында нашақорлықтың және есірткі бизнесін алдын алуға бағытталған кешенді іс-шаралар” жобасы аясында Айдарлы ауылының мәдениет үйінде “Құмарлық түбі” атты кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге ауыл тұрғындары, мектеп мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары, қоғамдық белсенділер қатысты. Аталмыш іс-шараның мақсаты — тек нашақорлықтың емес, сонымен қатар құмар ойындарға тәуелділіктің де зияндылығын ашып көрсету және оған заң жүзінде қандай жаза қарастырылатыны туралы мәлімет беру.
Спикер — заңгер Өмірбеков Данияр Маратұлы кездесу барысында есірткіге құмарлықтың түрлі түрлеріне қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Құмарлықтың адам психологиясына әсері, отбасы мен қоғам өміріндегі орны, сондай-ақ жастардың оған тәуелді болып кетуінің алдын алу жолдары терең талданды. Кездесуде қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, отбасында, мектепте жүргізілуі тиіс алдын алу жұмыстарын талқылады. Қоғамдық тәрбиенің маңыздылығы, ұрпақтың дұрыс бағытта дамуы үшін ата-аналар мен ұстаздардың белсенді рөлі де сөз болды.

23 Қыркүйек 2025
21
25 Қараша 2024