"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / “Есірткінің зияны” атты ақпараттық кездесу

“Есірткінің зияны” атты ақпараттық кездесу

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Аудан тұрғындары арасында нашақорлықтың және есірткі бизнесін алдын алуға бағытталған кешенді іс-шаралар” мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында Шығанақ ауылында “Есірткінің зияны” атты ақпараттық кездесу өткізілді.

Іс-шара ауылдық мектептің мәжіліс залында ұйымдастырылып, оған ауыл жастары, мұғалімдер, ата-аналар және белсенді азаматтар қатысты. Шараның басты мақсаты — жастар арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру, оның зиянды салдары жөнінде жан-жақты түсінік беру және құқықтық сауаттылықты арттыру болды. Шақырылған арнайы спикер — Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының атқарушы директоры, заңгер Өмірбеков Данияр Маратұлы. Ол кездесу барысында есірткінің адам денсаулығына, отбасылық жағдайға, оқу үлгеріміне және қоғамға тигізетін кері әсерлеріне кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, есірткі айналымына қатысқандардың құқықтық жауапкершілігі, қылмыстық жаза түрлері туралы нақты заңдық деректер келтірді.

Кездесу барысында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, өмірде кездесетін нақты жағдайлар арқылы талқылау жүргізілді. Жастар тарапынан белсенділік байқалып, олар есірткіге қарсы өз көзқарастарын ашық білдіріп, алдын алу шараларына қатысуға дайын екендіктерін жеткізді.

joomla 3.5