"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / Эссе байқауы

Эссе байқауы

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға және есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алу және жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасының “Нашақорлықсыз болашақ” акциясы аясында түрлі шығармашылық және танымдық іс-шаралар өткізіліп келеді. Осы акция шеңберінде «Тәуелсіз ой, таза сана – есірткісіз өмір кепілі» атты эссе байқауы ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жастарды салауатты өмір салтына шақыру, есірткіден аулақ болуға тәрбиелеу және олардың ой-санасын дұрыс бағыттауға ықпал ету болды.
Байқауға қатысушылар өз ойларын, шығармашылық қабілеттерін және өмірлік ұстанымдарын эссе арқылы жеткізді. Қатысушылардың еңбектері терең мазмұнды, идеясы айқын және өмірлік тәжірибемен байланысты болды. Жарыс нәтижесінде:
1-орынды – Ертай Дидар,
2-орынды – Жақсылық Аружан,
3-орынды – Көпбосын Еркеназ иеленді.
Жеңімпаздар арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Іс-шара маңыздылығы – жастардың ой-санасын есірткіден аулақ болуға бағыттап, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы олардың азаматтық белсенділігін арттыруда.
joomla 3.5