"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / Дарц атудан турнир

Дарц атудан турнир

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға және есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алу және жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасының “Нашақорлықсыз болашақ” акциясы аясында түрлі бағыттағы іс-шаралар өз жалғасын табуда.

Акция аясында Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақта қыздар арасында дарц атудан турнир өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ептілік пен мергендік қабілетті дамыту, сондай-ақ бос уақытты тиімді ұйымдастыру болды.

Турнирге белсенді қыздар қатысып, өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті. Әр қатысушы жоғары зейінділік пен дәлдік танытып, ойын барысында қызықты сәттер мен нағыз жарыс рухы байқалды. Жарыс қорытындысы бойынша:
1-орынды – Қазиева Ақерке,
2-орынды – Әбдіманап Мөлдір,
3-орынды – Есенғали Жұлдызай иеленді.

Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және қаржылай сертификаттармен марапатталды. Іс-шара соңында ұйымдастырушылар қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіріп, мұндай спорттық турнирлердің жастардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, оларды зиянды әдеттерден аулақ болуға және өзара достық қарым-қатынасты нығайтуға септігін тигізетінін атап өтті.

 

joomla 3.5