Челлендж жалғасуда
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында өткізген “Нашақорлықсыз болашақ” акциясы шеңберінде жастар арасында арнайы біршама челлендж видео түсірілді. Бұл іс-шараның басты мақсаты – жастардың назарын салауатты өмір салтына аудару, есірткіге қарсы белсенділік таныту және әлеуметтік желі арқылы кең аудиторияға оң әсер қалдыру. Челленджке қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін пайдалана отырып, қысқа бейнероликтер арқылы есірткіге «жоқ» деп айту, достар мен көршілерді салауатты өмірге шақыру идеяларын көрсетті. Түсірілім барысында: Жастар түрлі креативті тәсілдермен өз ойларын білдіріп, қызықты әрі көркем визуалды эффектілер қолданды, қатысушылардың бейнероликтері достық, командалық рух, шығармашылық және позитивті энергияны көрсетуге бағытталды; әлеуметтік желілерде жарияланған видеолар арқылы жастар арасында салауатты өмір салты мен нашақорлыққа қарсы үндеулер кеңінен таралды; белсенді және креативті қатысушылар арнайы дипломдар мен сыйлықтармен марапатталды.
Бұл челлендж тек көңіл көтеру үшін емес, жастардың санасына оң әсер етіп, оларды зиянды әдеттерден алшақ болуға ынталандырушы әлеуметтік акцияға айналды. Бейнероликтер жастардың өз ойын ашық жеткізуге, командада бірлесіп жұмыс істеуге және қоғамдағы маңызды тақырыптарға бейжай қарамауға үйретеді. Нәтижесінде, челлендж видеолары жастар арасында нашақорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға және ақпараттық сауаттылықты арттыруға нақты үлес қосты.

10 Маусым 2025
17
25 Қараша 2024