Есірткі қылмысына қарсы дөңгелек үстел отырысы өткізілді
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асып жатқан “Нашақорлықсыз болашақ” акциясы аясында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушыларға есірткінің адам өмірі мен қоғамға тигізетін зияны жан-жақты түсіндіріліп, оның тек қолданушылар үшін ғана емес, оны таратушылар мен жасырушылар үшін де аса қауіпті екені атап өтілді. Мамандар жастарға «есірткі қылмысын жасыру – қылмысты қолдау» деген ұстанымның маңызын жеткізіп, әр азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігі туралы ой қозғады. Дөңгелек үстелге Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Айгерім Асанқызы Каукешова және Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің меңгерушісі Ұлжан Медербекқызы Каленова қатысып, тақырып бойынша маңызды мәліметтер мен нақты мысалдар келтірді. Олар жастарды есірткіге қарсы тұруда белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырды.
Дәрістің басты мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, есірткінің заңсыз айналымына «жол жоқ» екенін ұғындыру болды. Іс-шара қатысушылар арасында ашық пікір алмасуға мүмкіндік беріп, жастардың өз ойларын еркін жеткізуіне жағдай жасады. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, есірткіге қарсы тұрудың маңыздылығын ұғынуға және қоғамда салауатты, қауіпсіз өмір салтын таңдауға бағыт береді.

11 Маусым 2025
21
25 Қараша 2024